Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 1678 4 пікір 22 Желтоқсан, 2023 сағат 14:47

Депутат Асқар Садықов: «Жер асты суларын ластап жатқан мұнай компанияларына шара қолдану керек!»

Көкжиде – еліміздің батыс облыстарын толық қамтамасыз ете алатын жерасты су қоры. Үкімет қаулысымен 2008 жылы мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың тізіміне де енген. Дегенмен қазірдің өзінде тұшы су белдеуінің маңайында 5 мұнай компаниясы жұмыс істеуде. Экология министрлігінің сөзінше бұл 2032 жылға дейін жалғасады.

Алдағы 8 жылда тұшы су алабынан не қалады? Сол мұнай компанияларына шектеу қоюға не кедергі? Көкжиде еліміздің батыс аймағындағы ауыз су мәселесін шеше ала ма? Осы жайлы Парламент мәжілісінің депутаты Асқар Садықов «Қазақ үні» подкастында берген сұхбатында айтты:

Көкжидедегі су қоры Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарын алдағы 50 жыл ауыз сумен қамтуға жетеді. Бүгінде мұнай компанияларының 800-ге жуық ұңғымасы бұрғылау жұмыстарын жүргізуде. Тек мұнай емес, химиялық зиянды құрамдағы мұнай қалдықтары тұщы суды ластап жатыр.

Парламент отырысында осы компанияларға қатысты қандай нақты шешімдер қабылданғаны жөнінде депутат Экология министрінен тікелей сұрағын қойған болатын. Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, ұңғымаларды алу шаралары 2024-2032 жылдар аралығында жүреді. Ал бұл уақыт арасында су алабы ішуге жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін.

Айта кететіні, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі аса өзекті. Аймақта тұщы су көздерінің жетіспеушілігіне байланысты халыққа су жазда кесте бойынша беріледі.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576