Жексенбі, 24 Қараша 2024
Талқы 2029 1 пікір 25 Желтоқсан, 2023 сағат 18:55

Ұлттық баспа ісінің тұйықталған шеңберін құру

Коллаж: egemen.kz

«Кітап оқу – істің бастамасы ғана. Өмір шығармашылығы – міне мақсат».
                                                                                        Н.А Рубакин
«Бүгінгі кітаптар – ертеңгі әрекет».
                                                                  Генрих Манн

Кітап автордан сатып алушыға дейін өтетін тізбегінде үш негізгі буынды бөліп көрсетуге болады:

Баспа: кітапқа авторлық құқықты сатып алу – қолжазбаны басып шығару үшін өңдеу дайындықтары - басып шығаруға тапсырыс беру – дайын таралымды кітап саудасымен айналысатын кәсіпорындарына сату;

Баспахана: қағаз және басқа да баспа материалдарын сатып алу – таралымды басып шығару – айналымды тапсырыс берушіге жеткізу ;

Кітап сауда кәсіпорындары: кітаптарды көп мөлшерде сатып алу - кітап сату қызметтерін көрсету - тұтынушыларға кітап сату.

Осы көрсетілген буындардың кез келгенінде логистиканың жетістіктерін қолдану маңызды.  Бизнестегі серіктестермен келісілген жұмысы нәтижесінде ғана кәсіпорынның әл-ауқатына жетуге болады, ал біздің жағдайда баспалармен. Компанияның саясаты барлық жеткізу тізбегіндегі тұтынушыларға бағдарлану қағидаттары негізінде қалыптасады. Қызметкерлерден «жаһандық деңгейде ойлауды , шектеліп әрекет етуді» сұралатын әлемде қосымша ереже пайда болады: «келісімді коммуникация жүргізу». Кітап бизнесі ауқымның әсері мен ұжымдық пайдалану қорының үздік үйлесімнің көмегіне негізделген экономиканың артықшылығын жақсырақ пайдалану керек. Қажетсіз бәсекелестікті жою керек және оның орнына «матрешкалар» сияқты бір-біріне сай болып өмір сүру керек. Әр жақтың міндеттемелеріне қатысты нақты келісім болмаса, кітап нарығындағы субъектілер арасындағы дәстүрлі шиеленіс субъектіаралық коммуникацияларға және тұтастай алғанда бүкіл салаға зиянын тигізеді. Қызмет бабындағы міндеттерді орындаумен шектелуге болмайды.Әрқашан көбірек нәрсе істеу керек: көршілес бөлімшелердің жұмысын түсіну, жаңа жобалардың бастамашысы болу керек.Көзінде оты бар бастамашы қызметкерлер керек. Өзінді сыни тұрғыдан бағалап, мамандық жағынан үнемі жетілдіріліп отыру керек. Бизнесті бірегейлендіру және ынтымақтастықтың барлық түрлерінен пайда табу – орталықтандырылған өзекті стратегиялық шешімдерді қабылдау және топтағы негізгі қызметтегі үйлесімді білдіреді. Білімді қажет ететін осы жұмыс түрінің негізгі ресурстары – бұл әріптестердің арасындағы диалогқа арналған уақыт пен кеңістік,және географиялық шектеулердің кедергілерінен өтуді қамтамасыз ететін ең аз мөлшердегі ИТ, сонымен қатар ,процестерді стимуляциялауды қамтамасыз ету үшін маңыздысы – мүдделердің ортақтығы. Мекеме ұйымдары қарым- қатынас пен ақпарат арналарын қайта құруға қабілетті болу керек, өйткені жүйелердің желісі иерархия желілерінен өзгеше болып келеді. Білім сенім желілері арқылы таратылады , ал желілер қарым- қатынасқа негізделген. «Бір кездері кітап әлемі империясының ең қуатты құрылымы Қазақкітап болатын. (қазір бұл «Кітап әлемі» АҚ және «Алматыкітап» АҚ). Дәл осы жерден республиканың барлық облыстарына, барлық қалалар мен аудандарына кітап даналығы қан тамырлары сияқты тараған , бірақ бұл баяғыда болатын».

Біз өнеркәсіптің келешегін қалай көреміз?

- Бұл жерде үш аспект бар: мүлік кешені, басқару және өнімнің өзі. Үш салада да нақты өмірден біршама артта қалушылық бар.

Егер мүліктік кешен туралы сөз қозғайтын болсақ, бұл формада қала алмайтыны анық. «Кітап әлемі» АҚ мен «Алматы кітап» АҚ – үлкен құбыжықтар секілді. Мұндай жағдайда жоғары деңгейден бәрін егжей-тегжейлі басқару мүмкін емес. Сондықтан бұл кешендерді бөліп алу – бәсекелестікке жағдай жасау керек екені анық. «Кітап әлемі» АҚ банкротқа ұшырап, оның активтерін бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі, марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың серіктестеріне сатып жіберілгені бекер емес.

Бүгінгі таңда кітап индустриясының салмақ түсетін ортасы негізсіз ең жоғарғы жағына ауысты. Онда бір-екі ондаған сол бұрынғы тұлғалар бір-біріне жылдар бойы бірдей сұрақтар қоя береді. Ал өнеркәсіп нашарлап барады. Кез келген мектеп оқушысы жоғары жүйесі бар салмақ түсетін ортаны тұрақсыз екенін біледі. Ол кез келген сәтте күйреуі мүмкін. Өнеркәсіпіміздің орнықты болуы үшін оның салмақ түсетін ортасын баспа, баспахана, кітап дүкені деңгейіне түсіру керек. Ең жақсы кадрлар, ең жаңа идеялар және максималды ресурстар төменде, жеке кәсіпорын деңгейінде шоғырлануы керек.

Біз ақша санау керек әлемде өмір сүріп жатырмыз. Енді ол немесе басқа кітап сұранысқа ие болмаса, ешкімді мәжбүрлеу мүмкін емес – барлығы теңгемен анықталады. Кітап саудасы -  құлаққа жағымды естіледі, бірақ ондағы барлық нәрсе, қазір барлық жерде сияқты, ақшаға, сандарға, есептеулерге тіреледі. «Атамұра» АҚ мен «Алматыкітап» АҚ мектеп оқулықтарын шығаруға жыл сайын бірдей мемлекеттік тапсырыстарды жеңіп алып, бәсекелестіктің жоқтығынан жалқау болып кеткендей әсер қалдырады. (То есть это не рыночное  книгоиздание, где есть конкурентное предложение от сотен  и тысяч издательств, где тысячи  библиотек и образовательные учреждения  выбирают и комплектуют ассортимент  под свои нужды и потребности). Яғни, бір жағынан, жүздеген, мыңдаған баспалардан бәсекеге қабілетті ұсыныс түсетін, екінші жағынан, мыңдаған кітапханалар мен оқу орындары өз сұраныстары мен талаптарына сай ассортиментті таңдап, толықтыратын нарықтық баспа ісі жоқтың қасы.  Осының бәрінің орнына мемтапсырыс, мемлекеттік тендер, тоталитарлық ГОСПЛАН-ның оңбаған өгей баласы, бюджеттік науаға қол жеткізетін 3-4 баспахана – олигархтар бар. Мемлекеттік тілдегі кітаптар ассортиментінің нашарлығы, әлемдік мәдениет контентінің және түрлі саладағы кітаптардың қазақ тілінде жоқтығы осыдан. Мынадай анықтама бар: мәдениет – адамның тек отбасында ғана емес, сонымен қатар ,адам оның бөлігі болып саналатын  қоғамда да игеретін білімінің, шығармашылық әрекет нәтижелерінің, сенімдерінің, адамгершілік құндылықтарының, салт-дәстүрлерінің, мінез-құлық әдеттері мен дағдыларының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, кез келген ұлттық мәдениеттің іргетасы – оның баспа сөзге, ұлттық кітап шығаруға негізделген тілі. Бірақ бізде ол жоқ.

Білім алу –ортақ мақсат болса, сапалы білім-озық өркениет. Жұрттың бәрі  оқу сапасына ұмтылады. Ал, оқулық сапасы- оқулықта. Бірақ , ең өкініштісі, сауатсыз әрі ұры  Нашарбай жемқор жүйесі-соны бірге құрастырған ең алдағы  үш ақпарат және мәдениет министрлер, Қуаныш Сұлтанов, Алтынбек Сарсенбаев, Мұхтар Құл-Мұхаммедтер қазақтың оқулықтарының  сапасын еш жақсарта алмады. Кітап нарығын бұзып баспа ісін жүйеге жабыстырды. Мемтапсырысқа, сыбайлас  жемқорлық  тендерге. Бұл жол тек сапалы үгіт-насихат  макулатурасын  шығаруға бейімделген жоба. Танымал мұғалім Аятжан Ахметжанұлы былай дейді: «Соңғы 15-20 жыл білім саласында  ең көп сыналған  бір дүние болса , ол –ОҚУЛЫҚ сапасы! Күресуден, тартысудан шаршамадық, бірақ оқулық  сапасы- жаңартылған  бағдарлама тұсында тіпті былығып кетті».

Өткен жылы экс-министр Асхат Аймағамбетов 300-ден астам маманның басын қосып, 1-11 сыныптағы бағдарламаның  кемшілігін түзеп, реттеу туралы комиссия құрды. Мақсат- бағдарламаны жаңартып, оқулықтың  сапасын арттыру. Оқулық сапасы туралы айтқанда-министрлік, академия, оқулық орталығы, баспа, авторлық ұжым қателікті бір-біріне сілтеді. Сонымен «поиск крайнего» -мен бітті. Ал оқулық түзелмей-оқу түзелмейді. Енді қисық оқудан –қисық оқушы ғана шығады. Бұл баспа ісінің  саласындағы нарық- бәсекелестің жоқтығының қасы. Бәсекелес ұсынысты нарықта тудырту үшін , 20 млн халықтан сұраныс- тұтынуды тудырту керек.  Ол үшін Европа  ұлттық  мемлекеттерінің нормасына бару керек, әр 10-15 мың адамға бір кітап дүкеннен келу керек, ал бізде 160 аудан орталықтарымызда және 27 моноқалаларымызда  бірде-бір кітап дүкен жоқ. Екіншіден, Европадағыдай ҚҚС (НДС) салықты кітап саласынан алдырту керек. Ал бізде қағаз сататын фирма 12%, баспахана 12%, баспагер 12%, кітап дүкен 12% мемлекетке беру керек.  Қазақстанда, әсіресе, мемлекеттік тілдегі кітап, газет-журналдарға ҚҚС салығын жоймайынша, біздің оқырмандарымыз әлсіз, тұрақсыз  болады, сәйкесінше, осал  автор, публицист және журналист. Үшіншіден, заң түрінде баспагерлік істі кітап сауда ісінен ажыратылу керек, монополизацияны  болдыртпау үшін. Не деген сұмдық, «Атамұра» мен «Алматыкітап» бір-бірінің өнімін өздерінің фирмалық дүкендеріне қойдыртпайды. Неге? Олар мемтапсырыс, тендерде бәсекелес, ол жақта бөтендер жүрмейді. Және Қазақстанның кітапханаларын толықтыратын тек осы олигарх- баспагерлер басқаларды жолатпайды.

Төртінші мәселе - Казпочта тарифы. Баспасөз үшін тарифты 3-4 есе төмен түсіру керек. Германиядағыдай, сонда ғана қазақтың кітабы Қазақстанның барлық түпкіріне дейін қолжетімді болады. Егер ата-бабамыздың заманында халық ауыз әдебиеті арқылы байланыс орнатып, ұрпақтан-ұрпаққа таралса, қазір тек дамыған ұлттық баспа ісімен ғана барлық кәсіп-салаларға тамырын жаяды. Сонда ғана ана тіліміз өкімет тіліне айналады, орыс тілді азаматтарымыз өз ата-бабасының қалдырған  мұрасына қызығушылық танытады.

Түсінік аппараты кез келген істің негізі. «Егер кез келген тілдің баспа саласына қол жетімділік болмаса,сол тілде сөйлетіндер  интеллектуалдық өмірден және қоғамдағы экономикалық қызметтен тыс қалады». (Коитиро Мацура, экс-директор ЮНЕСКО).

Қалу Тоқтаболатов,

Орал қаласы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555