Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3065 0 пікір 9 Қазан, 2013 сағат 04:45

Ауыт Мұқибек. Тұмаш атам қайда кетті?

Осыдан екі жыл бұрын дәл осы күні (10 қазан) дүниеден әйгілі ақын Тұманбай Молдағалиев қайтқан еді. Қазақ поэзиясының аламанында қанатты тұлпардай дүбір салған ақын мәңгілік тақырып махаббаттың да, ғазиз достық пен адалдықтың да, адамды сүйген, адамды аялаған үлкен жүректің де жыршысы болды. Тұмағамыз әсіресе, күннұрлы сәбилерді шексіз сүйіп, ата толғауын жас ұрпақтан аяған жоқ. Ел іші елжіреп жақсы көргендіктен «Тұмаш» атанған Тұманбай ағамыздың көңілінен орын тауып, туған ұлындай жанжылулығымен жалғасқан ақын Ауыт Мұқибек сол бір ізгі адамды балалар әлемінен іздеп тіл қатады.

 

1

Үйрегім де, қазым да аман,

Жауқазындар жайлап өсті.

««Балдырғанға» жазыл, балам!»,

Дейтін ата қайда кетті?!

 

Бала ұмытпас балдыр шағын,

Жазған алғаш құрап атын.

«Балдырғанның» әрбір санын,

Әдемі қып шығаратын.

 

Қағазының әр бетінде,

Қаламы оның зыр қағатын.

Қалатындай мәңгі есіңде,

Арнап бізге жыр жазатын.

 

«5»-ін алар бағаның да,

Суреттерді салып едік.

Мұқашын да, Қожанын да,

Сол жырлардан танып едік.

 

Жалыға ма бала оқудан,

Оқымаса кешігеді.

Әлтайырын жаңа туған,

Жырға тағы қосып еді.

 

Жақсы журнал қатарына,

Қосқан, қалап керегесін.

Жақсы көрдік Атаны да,

Осыдан екі жыл бұрын дәл осы күні (10 қазан) дүниеден әйгілі ақын Тұманбай Молдағалиев қайтқан еді. Қазақ поэзиясының аламанында қанатты тұлпардай дүбір салған ақын мәңгілік тақырып махаббаттың да, ғазиз достық пен адалдықтың да, адамды сүйген, адамды аялаған үлкен жүректің де жыршысы болды. Тұмағамыз әсіресе, күннұрлы сәбилерді шексіз сүйіп, ата толғауын жас ұрпақтан аяған жоқ. Ел іші елжіреп жақсы көргендіктен «Тұмаш» атанған Тұманбай ағамыздың көңілінен орын тауып, туған ұлындай жанжылулығымен жалғасқан ақын Ауыт Мұқибек сол бір ізгі адамды балалар әлемінен іздеп тіл қатады.

 

1

Үйрегім де, қазым да аман,

Жауқазындар жайлап өсті.

««Балдырғанға» жазыл, балам!»,

Дейтін ата қайда кетті?!

 

Бала ұмытпас балдыр шағын,

Жазған алғаш құрап атын.

«Балдырғанның» әрбір санын,

Әдемі қып шығаратын.

 

Қағазының әр бетінде,

Қаламы оның зыр қағатын.

Қалатындай мәңгі есіңде,

Арнап бізге жыр жазатын.

 

«5»-ін алар бағаның да,

Суреттерді салып едік.

Мұқашын да, Қожанын да,

Сол жырлардан танып едік.

 

Жалыға ма бала оқудан,

Оқымаса кешігеді.

Әлтайырын жаңа туған,

Жырға тағы қосып еді.

 

Жақсы журнал қатарына,

Қосқан, қалап керегесін.

Жақсы көрдік Атаны да,

Жақсы көрдік немересін.

 

Күндер емес, айлар өтті,

Оны әжелер мақтасады.

Айтшы деймін, қайда кетті?

Сағындық біз жақсы атаны.

 

Ойландырған, толғандырған,

Немерені, шөберені.

Келеді әлі сол «Балдырған»,

Тұмаш ата жоқ өлеңі!

 

 

Басылмайтын солығы да,

Көп жырлайтын әпкесін.

Есімінің орынына,

Жазылыпты басқа есім!

 

2

Күндер өтті, айлар өтті,

Жаз самалы жайлап есті.

Бізге бақыт тілейтұғын,

Тұмаш атам қайда кетті?!

 

Ұштаймын деп жас қанатын,

«Балдырғанды» басқаратын.

Бала тілін табу үшін,

Бала болды асқақ ақын.

 

Арман үшін жүгір деді,

Еліңе еңбек сіңір деді.

Бала көңлін табу үшін,

Бала болып күбірледі.

 

Суреттерге бөледі ішін,

Бізге сол ғой керегі шын.

«Балдырғанға» жазылдық біз,

Сол атаның өлеңі үшін.

 

Жырмен өтті өмірі шын,

Болды содан ең ірі шың.

Жазылдық біз «Балдырғанға»,

Сол атаның көңілі үшін.

 

3

Қар жауғанда тыста қалың,

Қамап қойып қыста малын.

Біздің үйге жиылып ап,

Айтады ел «Құстар әнін».

 

Құсқа елітіп аспандағы,

Қиялымыз көп самғады.

Содан кейін шырқайды кеп,

«Куә болды» жастар жағы.

 

Әнге келіп ән қосылды,

Сәнге келіп сән қосылды.

 

Ағаларым тағы айтады,

Достар жайлы «Жан досымды»...

 

Келіп еді кеңескелі,

Есімде жоқ не дескені.

Сол әндердің сөзін жазған,

Тұмаш атам емес пе еді?!

 

Қарға далам оранды енді,

Аласұрып боран келді...

Үлкейгенде тамылжытып,

Біз де айтамыз сол әндерді.

 

4

Бізге қамқор ата болды,

Берді жайып бата қолды.

Өлеңінде айтты ылғи,

Баспаңдар деп қате жолды.

 

Бойға қайрат жина деді,

Білімге жан қина деді.

Кішілерге көмектесіп,

Үлкендерді сила деді.

 

Ақылды айтқан еле деді,

Кемтарларды деме деді.

Жоқ-жітікке көмектесіп,

Кісі ақысын жеме деді.

 

Қиындыққа қыңба деді,

Жігеріңді шыңда деді.

Алға қойған арманыңа,

Жетпей тағы тынба деді...

 

Үлкейеді жас ақырын,

Белдер алда аса-тұғын.

Есімізден шығармаймыз,

Өмір бойы ата ақылын.

 

5

Кеткені-ай ерте тегі,

Болып қырда жер төсегі.

 Нұр келбетін анда-санда,

Теледидар көрсетеді.

 

Сағынасың нұрлы атаны,

Ішіңде ылғи мұң жатады.

Анда-санда зор дауысын,

Радио тыңдатады...

 

Демесін деп жетесі кем,

Жұмбақтарды шешетін ем.

Өзі бірақ көрінбейді,

Алматының көшесінен.

 

6

Мінезі жоқ алабөтен,

Кісі ед көңлі далаға тең.

Өлеңдерін оқыған жан,

Бауыр басып қалады екен.

 

Қосты жырға өз үлесін,

Көрінетін көзіңе шың.

Өлеңдерін оқыған жан,

Әкесіндей сезінетін...

 

Достарын көп жинайтұғын,

Бермей асын тынбайтұғын.

Өлеңдерін оқыған жан,

Ағасындай сыйлайтұғын.

 

Сексенге де таяды айқын,

Бәйтерек боп саялайтын.

Өлеңдерін оқыған жан,

Інісіндей аялайтын...

 

Көріп тұнық жыр бұлағын,

Қандырмады кім құмарын?!

«Балдырғанды» көрген сайын,

Кеп тұрады бір жылағым.

 

7

Ақын еді кең жүректі,

Жырдың туын желбіретті.

Бізге арнап өлең жазып,

Шаштары да селдірепті.

 

Бала тілін қызықтады,

Берді жеміс үзіп тағы.

 

Өзі басқан жолдарындай,

Маңдайының сызықтары.

 

Дәмін татқан талай жердің,

Ақ жүзінен арай көрдім.

Күліп тұрған суретіне,

Келеді ылғи қарай бергім.

 

8

Сағындық қой ізгі атаны,

Көңілде бір мұз жатады.

Өлең жазып беретұғын,

Күн құрғатпай бізге тағы.

 

Айлар өтті, күндер өтті,

Таба алмадық бір деректі.

Жанымызды жадыратар,

Бізге жылы жыр керек-ті.

 

Бүкіл қазақ қол қоятын,

Жоқ сияқты ондай ақын.

Жаңбыр болып себелейтін,

Жаныңдағы тоңды оятын.

 

Көктем неге күзге асықты,

Тұман бүркеп тұр қашықты.

Сол атаның жырын білген,

Бала екеміз біз бақытты.

 

Балапан ек кілең ерке,

Ұшсақ деген түлеп ерте.

Болмас па еді жақсы адамдар,

Мәңгі тірі жүре берсе?!

 

2011-, 2012- жыл

 

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333