Сенбі, 23 Қараша 2024
1428 2 пікір 3 Қаңтар, 2024 сағат 14:31

Шетелдіктерге арналған туристік жарна алынып тасталды

2022 жылы еліміздің аумағында енгізілген шетелдіктерге арналған туристік жарна жойылады. Бұл ақпаратты Туризм және спорт министрлігі растады.

«ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылдың 27 желтоқсанындағы № 347 бұйрығымен шетелдіктердің туристік жарна төлеу ережесіне өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес, Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік ставка қолданылады. Аталған бұйрық өткен жылдың 28 желтоқсанында Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті және ол ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі», — деп атап өтті министрліктен.

Демек, 7 қаңтардан бастап шетелдік туристер жарна төлеуден босатылады.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы енгізілген туристік жарна — туристерге жатақханаларды, қонақ үйлерді, қалалар мен аудандардағы жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынатын төлем.

Туристік операторлар шетелдіктер үшін алынған қаражатты жергілікті бюджетке аударды.

Жарна мөлшерін әкімдіктер 1-ден 3 пайызға дейінгі мөлшерде анықтайтын.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353