Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2940 0 пікір 5 Қаңтар, 2024 сағат 15:35

Қалың киімдеріңізді дайындаңыздар. -30 аяз күтілуде

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ел аумағында аяз қайта күшіне енеді.

Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальдың әсерінен 6-7 қаңтарда -30 градусқа дейін аяз болып, Қазақстанның басым бөлігінде қар жауатындығы ескертіледі.

6 қаңтарда еліміздің солтүстік-батысына, 7-8 қаңтарда солтүстік және орталықта қалың қар жауады деп болжануда.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейсе, солтүстік жартысында жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын күтілуде.

Суық ауа массасы еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның күрт төмендеуіне әкеліп, түнде батыста және солтүстік-батыста аяз болып, температура - 8-25 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстігінде -5-30 градус аяз болса, республиканың шығысында -5-18 градусқа дейін күн суытады. Оңтүстік облыстарда түнде - 5, күндіз цельсий бағаны + 7 көрсетеді, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1407
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2987
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1053
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 991