Сенбі, 23 Қараша 2024
1331 3 пікір 8 Қаңтар, 2024 сағат 19:11

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң қатаңдатылады

8 қаңтар күні Астанада ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Б. Зәкиеваның ұйымдастыруымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е. Ластаевтың, Сенат депутаттарының, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия өкілдерінің, профессорлар И.Ш. Борчашвили, М.Ш. Қоғамовтың, Парламентаризм институты, сарапшылар, адвокаттар, көрнекті қоғам қайраткерлері және өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қатысуымен «Заңнамалық өзгерістер және қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру»  дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысушыларды Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында АМАNАТ партиясы фракциясының депутаттарымен, мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасының негізгі нормаларымен таныстырды.

«Президент Қ.К. Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне жақында берген сұхбатында «заң және тәртіп» қағидатын нығайту қажеттігіне баса назар аударды. Президент отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны одан әрі қатаңдату бойынша оң ұстанымын атап өтті.

«Бұл отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру үшін өте маңызды. Жазасыздық көбінесе ауыр зардаптарға әкеліп жатады. Өткен жылы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел, 7 бала көз жұмды. Зорлық-зомбылық үшін қатаң жаза қарастырылғанын бәрі білуі керек. Осыған байланысты, заң жобасында біз зорлық-зомбылықты криминализациялауды, яғни ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілікті (бұрын олар Әкімшілік кодексте болған) және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін, атап айтқанда ұрып-соғу, азаптау, қатыгездік, денсаулыққа жеңіл, орташа, ауыр зиян келтіру және олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды қарастырдық. Әрине, зорлық-зомбылықтың алдын алу кешенді шараларды талап етеді және бұл үшін барлық қажетті норма көзделген, оның ішінде отбасыларға, балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құру (Отбасын қолдау орталықтарын, Балаларды психологиялық қолдау орталықтарын ашу); агрессормен психологиялық жұмыс; агрессорды пәтерден шығару және т.б.», – деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д. Зәкиева.

Айта кету керек, заң жобасы қазір Үкіметтің қорытындысында және осы айдың соңында  жұмыс тобында талқылану үшін Мәжіліске  түсуі тиіс.

Жиынға қатысушылар, сондай-ақ, әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты қызметтердің кадрлық қамтамасыз етілуін нығайтуға байланысты мәселелерді шешуді; қолайсыз тұрмыс, лудоманияға ықпал ететін проблемаларды шешуді; 111 мемлекеттік сенім телефоны туралы ақпаратты тарату қажеттілігін талқыға салды.

Қатысушылар зорлық-зомбылыққа жол бермеу идеологиясын қалыптастыруға әр адамның қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударды.

Дөңгелек үстелді Динара Зәкиева:

«Президент атап өткендей, «қоғамда агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез-келген түрінен толық бас тарту, оған «нөлдік төзімділік» болмаса, кез-келген заңнамалық өзгеріс тиімді болмайды. Заңсыздық пен қатыгездікке бірауыздан қарсы тұру керек». Бұл ахуалды біз тек тақырыпқа араласу, күш-жігерді біріктіру арқылы ғана өзгерте аламыз,» – деп қорытындылады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377