Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4170 0 пікір 22 Қыркүйек, 2013 сағат 08:49

Теңіз жағалауында тербелген ән

  Маңғыстаудың 40 жылдығы мен ару қала Ақтаудың 50 жылдығы мерейтойлары аясында қала тұрғындарына арналған көңілді концерттер көші Ұлықпан Жолдасовтың бастауымен барған Қазақстанның атақты эстрада жұлдыздарының мега-концерті теңіз жағалауында өтті.
Теңіз жағалауы алаңына эстрада жұлдыздары келетінін естіген өнерсүйер қауым көптеп жиналып, кеш басталуын тағатсыздана күтті. Концерт уақытынан кеш басталғанына қарамастан, көрермендер ду қошаметін аямай, әншілерге зор құрмет көрсетті. Бұл мега-концерт облысымыз бен Ақтау қаласының мерейлі даталарына арналып әрі қала тұрғындарына жасалған ерекше сыйлық іспеттес болды. Облыс әкімінің орынбасары Халила Нұрғалиева кештің басында Қазақстанның эстрада жұлдыздарына алғысын білдіріп, мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Облыстың 40 жылдығына орай республикаға Ақтаудың атағын шығаруға зор үлес қосқан эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасовты төсбелгімен марапаттап, оған әкімшілік атынан сыйлық табыс етті.

Халықтың көңілін көтеріп, мерекемен құттықтау үшін Ұлықпан Жолдасовпен бірге Болат пен Фарида Жолдасова, Нұрлан Еспанов, Ғаділбек Жаңай, Мадина Садуақасова, Айгүл Иманбаева, «Меломен», «Арнау», «Абай-Бегей» топтары және т.б. әншілер келді. «Бұл қала менің туған жерім болғандықтан, сүйікті қаламды мерейтоймен құттықтау үшін эстрадалық атақты әншілерді ертіп келдім. Қазір олардың бәрі қаламақысыз жұмыс істеп жатыр. Бұл концерт туған өлкеме жасаған тартуым. Ақтау қаламыз жыл сайын көркейіп, өркендей берсін», - деп тілегін білдірді әнші әрі ұйымдастырушы Ұ.Жолдасов.
Мега-концертке қатысқан әншілер Ұ.Жолдасовтың сөзіне жазылған әндерді шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш өте көңілді өтіп, қала тұрғындарына ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ өлкеміздің салтанатты мерекесі-мен құттықтау үшін 20 қыркүйекте «Серпер» жастар сыйлығының иегері Т.Асар, Ғ.Жолдасбай, «Жорға» халықтық би ансамблі және Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының әртістері, 21 қыркүйек күні теңіз жағалауында ҚР халық әртісі Роза Рымбаева мен «Жорға» халықтық би ансамблі концерттік бағдарламалар өткізеді.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354