Айттағы әңгіме: «Вы что, шутите?!»
Биылғы Құрбан айтты тәуелсіз еліміз, мешіттеріміз үлкен игі іс-шаралармен, ең бастысы ұлттық нақышпен өткізді. Ұлттық спорт түрлерінен (арқан тартыс, палуандар күресі, гір тасын көтеру, көкпар, т.б.) жарыс ұйымдастырылды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мұрындық болған қайырымдылық акциялары басқа да ұлттарды таңқалдырса керек. Өзге емес, елдің өз аузынан естіген-білгендеріміздің бір парасына тоқталсақ.
«Мектепке емес, мешітке бара берейінші...»
Алматы қаласындағы «Орбита» мешіті 100-ге жуық 3 жастан жоғары бүлдіршіндерге сыйлық үлестірді. Мерекелік шарада балалар жаттаған өлеңдерін айтып, ұстаздың сұрақтарына таңдайлары тақылдап жауап берген. Бала тілі – бал емес пе? Түрлі-түрлі сыйлықтың астында «көмілген» бір кішкентай қыз: «Анашым, мен ендігі жылы мектепке емес, мешітке бара берейінші. Мұнда күшті-і-і-і-і екен. Тақпақ айтқан соң сыйлық береді, тағы айтсаң, тағы сыйлық береді, бере береді», – десе керек. Анасы не дерін білмей, тосырқап қалған көрінеді.
«Орыс әйелі бетімнен шөлп-шөлп сүйді»

Бір таныс досым көршілеріне Құрбан айтқа ерекше сыйлық жасапты. Бір кіреберісте (падъезд) тұратын орыстарды ұлық мерекемен құттықтап шығады. «Өзіңіз білесіз, бүгін мұсылмандардың ең ұлық мерекесі – Құрбан айт. Сізді шын жүрегіммен құттықтаймын. Бұл – халықтық мереке ғой. Мынаны алыңыз да, отбасыңызбен шәй ішіңіз», – деп дәмі де тәтті, бағасы да жақсы үлкен тортты қолына ұстатқан. «Ой, мен мұны ала алмаймын. Ұят болады. Неге сонша әуре болдың, шығындалып», – десе, әлгі жігіт: «Жоқ, тәте. Ештеңе етпейді. Шын көңіліммен ұсынып тұрмын. Маған ақша емес, бәріннен бұрын көрші қымбат», – деп жүрегін жібітіп жіберіпті. Не дерін білмей қалған әлгі Таня тәтеміз: «Келші бері», – деп бетінен шөлп-шөлп етіп, сүйіп алыпты.
«Вы что, шутите?!»
Тағы бір қызық оқиға: Алматыға тақау Талғар дейтін қала бар. Қаланың барлық жерін қамтитын 5 қоғамдық көлік Құрбан айттың құрметіне адамдарды тегін тасыды. Ұйымдастырушы жігіттер жолаушыларға: «Құрметті қала тұрғындары! Баршаңызды бүгінгі Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Осы мерекенің құрметіне бүгін көлікте жүру – тегін. Айттарыңыз құтты болсын!» – десе, бұрын мұндай акцияны көрмеген бір топ орыс кемпірлері: «Вы что, шутите?!» – деп, «байқамай», сезімін жасыра алмай, айқайлап жіберген. Бұл шараның шындығына көз жеткізгеннен кейін рахметін айтып түсіп қалған.
«Құдалық көлікте кетіп бара жатқандаймыз...»
Алматының түбінде Алғабыс дейтін үлкен ауыл бар. Қазақтар көп қоныс тепкен. Құрбан айттың бірінші күні. Автобустардың ішіне шар ілінген, мерекелік әшекейлер, ұлттық заттармен нақышталған. Құрбан айттың құрметіне жолақысы – 0 теңге. Бұл бастама жайлы жолаушылардың пікірін білген жігітке: «Мына қадамдарың қатты әсер етеді екен. Құдды құдалыққа бара жатқандаймыз. Жан-жағыңда неше түрлі шарлар. Шынымен де бүгін тойға бара жатқандай сезімде отырмыз. Бұл оқиға Құрбан айттың мұсылмандардың нағыз мерекесі екенін сезіндереді», – деп жауап беріпті.
«Жол ақасы – 0 теңге»
Талдықорған қаласында да бұл той дүркіреп өтті. 46 қоғамдық көлік тегін қызмет етті. Көгілдір экран орнатылған 40 автобуста мешіт қызметкерлері әзірлеген ғибратты бейнероликтер 3 күн бойы көрсетіледі. Қаланың орталығындағы үлкен экранда күніне 600 рет имандылыққа шақыратын қысқа ролик берілген. Ал қаладағы саябақтар мен ойын-сауық орталықтары балалар үшін тегін қызмет көрсеткен. Бәрі Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу үшін жасалған іс-шаралар. Бұған мешіт имамдары мұрындық болғанын айта кеткен жөн.
«Күнде Құрбан айт болса ғой, шіркін»
Алматы қаласының Орталық мешіті Алла үйінің ауласына жетім балаларға арнап ойын орталығын ашты. Сахналық көріністер қойылды. 200-ге жуық бүлдіршінге сыйлық таратылды, балмұздақ берілді, арнайы дастархан жайылды. Қуанышы қойнына сыймаған, көздері жәудіреген бір жетім бала: «Күнде Құрбан айт болса ғой, шіркін», – деп, сезімін білдіріп қойыпты. «Жерде жетім жыласы, көкте періште күңіренеді», – деген сөз бар. Жетімге қуаныш сыйлаудан артық сауап бар ма? Жетімдеріміз жыламасын. Жылатпайық. Құрбан айтқа аман-есендікте жете берейік.
Құрбан айттағы оқиғаларға шолу жасаған
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,
ҚМДБ баспасөз хатшысы
Abai.kz