Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4689 0 пікір 20 Қазан, 2013 сағат 05:31

Оразбек Сәрсенбай. «Өмірнама»

Ақын-жазушылардың көркем дүниеге "жүретін қолынан" кейде қоғамның тамыр бүлкілін тап басып, уақыт пен заман тынысын "сөйлеп беретін" күнделік беттері де жазылып жатады. Төмендегі күнделік - жазушы ағамыз Оразбек Сәрсенбайдікі. Оразбек аға қазақ жерін сатуға қойған қазақ өкіметіне қарсы қаламгерлер бір кезде қалай үн қатқаны туралы естелік айтады.

12 ақпан, 2003 жыл.

Шерхан Мұртаза ағамыз бен Әкім Тарази ағамыздың да атаулы жиындарына қатыстық. Екі жиын да жалпы алғанда жақсы өтті. Шер-ағаның дастархан басында ұзақ сөйлеген Ә. Нұрпейісовтің сөзіне бірақ құлақ асқан біреу болмады.

Әкім ағамыздың тойында соңғы сөз айтқан Зейнолла Қабдолов ағамыз: «Осы тойда дарындылар да, дарынсыздар да, тіпті маньяктар да отыр», - деді. Бұнысы мүлдем тосын сөз болды. Б. Мұқаев ініміз сол жерде маған:

- Зәкең маньяктар деп анау пәленшені айтып тұр, - деп түсінік берді. Бұдан соң Зәкең артист А. Әшімовті мақтауға кірісті. – Сен Құдайсың, Асанәлі, соны білемісің? – деді. Б. Мұқаев сол жерде маған:

- Зекеңнің мұнысы әншейін әдіс қана, - деп түсіндірді. Академик ұстазымыз ежелден осылай астарлап, тұспалдап сөйлеудің асқан шебері ғой.

5 шілде, 2003 жыл.

Ақын-жазушылардың көркем дүниеге "жүретін қолынан" кейде қоғамның тамыр бүлкілін тап басып, уақыт пен заман тынысын "сөйлеп беретін" күнделік беттері де жазылып жатады. Төмендегі күнделік - жазушы ағамыз Оразбек Сәрсенбайдікі. Оразбек аға қазақ жерін сатуға қойған қазақ өкіметіне қарсы қаламгерлер бір кезде қалай үн қатқаны туралы естелік айтады.

12 ақпан, 2003 жыл.

Шерхан Мұртаза ағамыз бен Әкім Тарази ағамыздың да атаулы жиындарына қатыстық. Екі жиын да жалпы алғанда жақсы өтті. Шер-ағаның дастархан басында ұзақ сөйлеген Ә. Нұрпейісовтің сөзіне бірақ құлақ асқан біреу болмады.

Әкім ағамыздың тойында соңғы сөз айтқан Зейнолла Қабдолов ағамыз: «Осы тойда дарындылар да, дарынсыздар да, тіпті маньяктар да отыр», - деді. Бұнысы мүлдем тосын сөз болды. Б. Мұқаев ініміз сол жерде маған:

- Зәкең маньяктар деп анау пәленшені айтып тұр, - деп түсінік берді. Бұдан соң Зәкең артист А. Әшімовті мақтауға кірісті. – Сен Құдайсың, Асанәлі, соны білемісің? – деді. Б. Мұқаев сол жерде маған:

- Зекеңнің мұнысы әншейін әдіс қана, - деп түсіндірді. Академик ұстазымыз ежелден осылай астарлап, тұспалдап сөйлеудің асқан шебері ғой.

5 шілде, 2003 жыл.

Осындағы бір шағын ресторан-кафеде өткен Қазақстан қыпшақтарының жиынына мені де шақырыпты. Сөйтсем Қазақстан қыпшақтары бірінші «Құрылтайында» өздерінің «көсемдерін» сайлап алыпты. Бас көсем екі дүркін советтік батыр Талғат Бигелдинов ағамыз болыпты. Оның орынбасары Жүрсін Ерманов (штаб бастығы әрі қаржы-қаражат жинаушы) екен.

...Ақын М. Шаханов: «Ең алдымен қыпшақтардың әлемдік өркениетке қосқан үлестерін көрсетуіміз керек!» - деп ұсыныс жасады. Сөз арасында ініміз М. Мағауинді ілгешектеп, Ж. Ермановты, Қ. Салғаринді («қазақтың нөмірі бірінші тарихшысы»), мені мақтап қойды. Ж. Ерманов ініміз қайта-қайта: «Ақша керек! Ақша керек!» деумен болды.

...М. Шаханов осында шыққан шапыраштылар шежіресін сынап қойды: - Кітаптың сыртына төрт-бес шапыраштының суретін басыпты. Ішінде Тұманбай Молдағалиев те бар...» - деп. «Тұманбай ақын ешкімнің тақиясына тар келмейтін тұлға ғой» деп оған жауап айтқан ешқайсымыз болғамыз жоқ.

Әрине, бүгінгі жиында отырған бұл қауым кешегі Мұстафа Шоқайдың ұрпақтарына ұқсай қоймас еді. Мұстафа көкеміз қыпшақшыл емес, ең алдымен қазақшыл, ұлтшыл, түркішіл екенін өзі де жазып кетті емес пе?

5 қараша, 2003 жыл.

Бүгін осы Алматының «Жеті қазына» атты мейрамхана төріндегі оңаша бөлмеде тосындау басқосу болып өтті.

Бізді, бірнеше жазушыларды, Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі (жақында өз еркімен босаған) – Алтынбек Сәрсенбаев ініміз ауызашар дастарханына шақырды. Шақырылғандар: Қ. Жұмаділов, Қ. Ысқақов, С. Иманасов, М. Мағауин, Б.Нұржекеев, Т. Нұрмағанбетов. Жастар газеттерінің бірнеше басшылары бар.

...Алтынбек сөзінің негізгі түйіні – Қазақстан тәуелсіздігіне қазір қауіп төніп тұр. Қазір Ресей басшылары ойлап тауып жатқан Біртұтас экономикалық аймақ, кеден одағы дегендер – бұрынғы отаршылдық қамытты қайта кигізудің айла-тәсілдері...

- Ескі бюрократия өзгерістерді, демократияны қолдамайды. Биліктен сірә да айрылғысы жоқ. Осындай жағдайда ұлттық-демократиялық күштердің бірлігі керек емес пе? – деді Алтынбек...

 

9 қашара, 2003 жыл.

Бүгін бір топ жазушылар «Ақ жол» демократиялық партиясының ІІІ съезіне қонақ ретінде қатыстық...

Жазушылардың үндеуін Халық жазушысы Қ. Жұмаділов мінберден оқып шықты. Партия жетекшілері (Ә. Бәйменов) «біздің құрылтайымызға ұлы жазушылар қатысып отыр» десе, А. Сәрсенбаев «Қазақ әдебиетінің шоқ жұлдыздары қатысып отыр» - деп бізді біраз көтермеледі. Шоқ жұлдыздар мыналар еді: М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, С. Иманасов, О. Сәрсенбаев, Т. Нұрмағанбетов, Т. Медетбеков, Б. Мұқаев, Ә. Сығаев, Иран-Ғайып...

Үзіліс кезінде Бексұлтан Нұржекеев маған бұрылып қарап:

 -Артымызда бір-бір аңдушы жүрген шығар, ә? – деген.

Мен: - Жүре берсін. Бұл жерде мемлекет мүддесіне қарсы сөз сөйлеген ешкім жоқ қой, - дедім.

Бексұлтан үндемеді. Бірақ артынша, түскі асқа да қарамай, кетіп қалыпты. «Жас Алаштың» бас редакторы Ж. Қорғасбек оны шарқ ұрып іздеп, таба алмай:

- Бекеңді көрдіңдер ме? – деп сұрап жүрді.

- Бір шаруасы болып кетіп қалған шығар, - деді Сәкен Иманасов.

14 ақпан, 2004 жыл.

...Мұхтар бұдан соң 1957 жылы Алматыға қазақ жерінің әр қиырынан оқуға келген үш жігіт туралы өзі шығарған анекдотты айтып берді (Мұхтар, Әбіш, Нұрсұлтан – басты кейіпкерлер ретінде қатысқан екен).

- Әй, сенің бұл айтқаның нағыз оппозиционерлік әңгіме ғой! – деп күлдім.

8 шілде, 1999 жыл.

Жазушылар одағында Жер туралы заңды талқылауға арналған қызу жиын болып өтті. Бұл жолы жазушылар (ғалымдар мен саясаткерлер де қатысты) бір ауыздан жерді жеке меншікке беруге, сатуға қарсы шығып, үндеу қабылдады. Әсіресе М. Мағауин, М. Есенәлиевтер қатты ашынып сөйледі. Қ.Қайсенов, Қ. Мұхаметжанов, С. Қирабаев, И. Оразбаев, А. Әшімов, С. Ақтай т.б. халық мүддесіне сәйкес келетін пікірлер айтты.

Ал Жер ресурстары институтының директорын президумға шақырғанда, мен орнымнан тұрып:

- Бізге жерді сату керек деп үгіт айтатын кісінің керегі жоқ! – деп дауыстап ескерту жасадым.

Өзгелер дуылдатып қол соқты.

- Керегі жоқ!

- Не надо!

- Оның не айтатыны белгілі ғой! – деген дауыстар естілді.

Директор байғұс бұдан соң президумға сайланбай қалды.

Менің қасымда отырған М. Мағауин:

- Парламент бәрібір осы заңды қабылдайды, - деді.

- Жоқ, кейінге қалдырар. Қоғамдық пікірмен санасуға тиіс, - дедім мен.

- Қоғамдық пікір қазір кімге қажет? – деп ренжіді М. Мағауин. Артынша жиналыстың аяқталуын күтпей кетіп қалды.

21 шілде, 1999 жыл.

Қазақстан үкіметі Парламенттен жер туралы заңын кері қайтарып алыпты. Бұл – бүгінгі таңдағы қазақ зиялыларының (уақытша болса да) кішкентай бір жеңісіне ұқсайды.

Бірақ жазушылар арасында ауызбірлікті бұзушылар да табылып тұр. Мәселен, Д. Исабеков теледидардан сөйлеген бір сөзінде: «Жерді сатуға да болады, сатпауға да болады: бұл мәселеге бәрібір оншақты жылдан соң қайтып ораламыз», - деп екіұштылау пікір айтқанын өз құлағымызбен естідік.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270