Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3926 0 пікір 20 Қазан, 2013 сағат 07:06

Алтай Бұқарбаев. Қазақ көші: сыры мен шыны

Ұлтсыздандыру саясаты – қазақ  жерінде адам шошырлық дәрежеде іске асып жатыр. Атап айтсақ, тәннің ұлтсыздануынан тартып жер мен байлықтың, билік пен   білімнің, дін мен тілдің, тіптен ақша мен Астана қаласының бейнесінің ұлтсыздануына дейін тізіп айтуға болады.

Ал оған қарсы тұрар дәрмен қазақта жоқ болып шықты.  Біріншіден, ауыл қазақтары жұмыссыздықтың кесірінен қала жағалап кетті. Тапқан таянғанын пәтер жалдау мен тамақтан асыра алмай жүрген қазақтың көшеге шығуға уақыты да шамасы да жоқ. Оның үстіне қарызға белшелерінен буылып, банктерге құлдыққа жегілгенін айта кеткен жөн. Екіншіден, 300 жылдық отарлықтың батпандап кіргін дертінен  арылудың амаладары бізде жоққа тән. Үшіншіден, биліктің ұлтсыздандыру саясаты халықтың қозғалуға шамасын келтірмеуде. Төртіншіден, қазақ билігіне сырттан қысым саяси сатқындық есебінен күшейіп кетті.  Осылайша «аяз мүйізді, мүйіз тұғылды қысып отыр».

Ұлтсыздандыру саясаты – қазақ  жерінде адам шошырлық дәрежеде іске асып жатыр. Атап айтсақ, тәннің ұлтсыздануынан тартып жер мен байлықтың, билік пен   білімнің, дін мен тілдің, тіптен ақша мен Астана қаласының бейнесінің ұлтсыздануына дейін тізіп айтуға болады.

Ал оған қарсы тұрар дәрмен қазақта жоқ болып шықты.  Біріншіден, ауыл қазақтары жұмыссыздықтың кесірінен қала жағалап кетті. Тапқан таянғанын пәтер жалдау мен тамақтан асыра алмай жүрген қазақтың көшеге шығуға уақыты да шамасы да жоқ. Оның үстіне қарызға белшелерінен буылып, банктерге құлдыққа жегілгенін айта кеткен жөн. Екіншіден, 300 жылдық отарлықтың батпандап кіргін дертінен  арылудың амаладары бізде жоққа тән. Үшіншіден, биліктің ұлтсыздандыру саясаты халықтың қозғалуға шамасын келтірмеуде. Төртіншіден, қазақ билігіне сырттан қысым саяси сатқындық есебінен күшейіп кетті.  Осылайша «аяз мүйізді, мүйіз тұғылды қысып отыр».

Дәйек: «Халықтың Көші-қоны туралы» жаңа заңжобаны Сенат депутаттары тез әрі құпия түрде  мақұлдап, Президенттің құзырына жөнелтті. Аталған заңның әлгі жобасы Президент тарапынан қолдау тауып бекісе, Атажұртына көшіп келіп жатқан ағайын бес жыл бойы азаматтық алу мүмкіндігінен айрылады. Естеріңізге сала кетейін, 2011-жылы 22-шілдеде қолданысқа енген ҚР Азаматтық туралы заңының 16-1-бабы бойынша, «Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен), тұратын мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын: тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген ұлты қазақ адамдар өтініш берген күннен бастап, үш ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданады».

Ал, «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заң күшіне енсе, онда Азаматтық туралы заң автоматты түрде өзгереді. Атап айтқанда қандастарымыздың азаматтық алу мәселесі ұлты қазақ емес – алыс шетелден келетін келімсектермен теңеседі.  «Оралман мәртебесі» жойылып, жеңілдетілген тәртіппен тұрақты тіркеуге тұру және азаматтық алу құқынан айырылады. Тіпті Ресейден келетін азаматтарға қарағанда 2-санаттағы азаматтар ретінде саналады. Себебі, ресейлік азаматтар «біртұтас одақтың» шекарасынан  өз еліне өткендей өтіп, өзін орыстілді жаңа мемлекетте судағы балықтай сезінетін болады.

Жаңа  заңда  қарастырылған шет елдегі қазақтардың Қазақстан  азаматтығын  алуын шектеуді  немесе қандастарымыздың азаматтық алу жағындағы құқын  басқа алыс шет елден келетіндермен теңестіруді –  биліктің ұлтсыздандыру саясатының бір бөлігі ретінде тікелей мойындаған абзал.

Ең алдымен шетелдегі қазақтарды азаматтыққа алу – биліктің ұлтсыздандыру саясатына үлкен кедергі. Бұл кедергіні аластау үшін үкіметке 22 жыл уақыт кетті. Себебі санның өсуі табиғи түрде сапаның өсуіне әкелетіні даусыз. Осылайша халықтың сатқындық пен жемқорлыққа, әділетсіздікке қарсы күші арта түсетіні белгілі.  Сонымен қатар, шетелдік қазақтардың көзқарасы кең, өз беттерінше өмір сүру үлгісін меңгерген және сол өмір салтын Қазақстанға таңуға тырысатыны да мәлім, ұрпақтың болашағын ойлайтын авангард топ екенін де айтқан дұрыс. Бұл алдынан ешбір жел еспей үйренген өкіметке басты қатер. Үшінші жағынан, келген оралмандар кем дегенде өздеріне жеткілікті ақша ала келеді, міне бұл дайын инвестиция деген сөз, оның үсіне олардың еңбекке қабілеттілігі мен біліктерін қоссақ ,оралмандардың орасан зор адам капиталы екенін түсінеміз. Бұл мемлекетті қуатты етуді көздеген билікке таптырмайтын ресурс болғанмен, өзін ғана ойлайтын топтарға дар ағашымен бірдей фактор.

Мұндай адам капиталының Қазақстанға керек болмауы мүмкін емес. Бұл жағынан қарағанда, мұны байқағысы келмейтін мүдделі топтардың жымысқа саясаты көзге ұрып тұр. Бұл мүдделі топ қазақтың дамуын, Қазақстанның өркендеуін көргісі келмейтін топтар, енді бір жағынан қарағанда елдің байлығын сорып жатқандармен билік пен ақшаға құныққан сатқындар  екені белгілі.  Оған көз аларта қарап, жерін сынақ алаңы етіп, саясатын емін-еркін жүргізіп  отырған елдің  басыбайлы қожайыны болуды аңсап отырған үшінші жақты да ішіңіз сезуі керек, оқырман.

 

Бұл жерде  «қазақ билігі өзі бастаған көшке өзі неге ие бола алмады?» деген заңды сұрақ туады.

Әрине, ол заңға Президент вето қоя алады. Онда Президент нағыз ұлт үшін туған ұл ретінде бар қазақтың жүрегінде қалады. Қазақ ішінде беделі де құрметі де артады. Енді бір жағынан,  бұл кезекті ұпай жинау саясаты болуы мүмкін. Алайда олай болмайтын сыңайлы. Себебі қазір барлық ақпарат көздеріндегі журналистер бұл заң туралы жазуға тыйым салынғанын айтып, ақпарат беруден, телеарналарда сұхбаттарды көрсетуден үзілді-кесілді бас тартуда. Бұл жоғары жақтан арнайы тапсырмамен жасалған заң екендігін білдіреді. Тіпті заңның үн-түнсіз түрде сенатта мақұлданып кеткенінің өзі соның айғағы. Тек бір Алладан жәрдем болмаса...

  Қытай қайтіп жатыр?

 Жан саны 1,5 миллиардтан асатын қытай елі де өз қандастарын еліне шақырғандарына 60 жылдан асыпты. Олар  қандастары үшін арнаулы «қандастар (мұһажырлар) заңын» қабылдап, қандастық куәлігін таратты. Тіпті алып Шаңхай қаласынан қандастар университетін салды.  Қытайдың  Ата заңы бойынша:  «кез келген қытай қандасы кез келген уақытта келіп 3 ай ішінде азаматтық ала алады және үкімет тегін үймен қамдайды, жұмыс тауып береді» - деп ашық көрсетілген. Оның үстіне қандастар қытайда жоғары оқу орындарын тегін оқи алады. Біздің  дұнғандардың да қытайда тегін үй алып, тегін оқып жатқандарын көзіміз көріп жүр. Адамы сыймай жатқан Жапон елі де қиыншылық кездері ауып кеткен қандастарын шақырып, орналастыра бастады. Әсіресе, Бразилия еліндегі қиыншылық көрген жапондарды бірден көшіріп алды. Мейлі жапон, неміс, еврейлер болсын заң бойынша өз қандастарына кез келген уақытта ата жұрттарына қайтып, азаматтық алуларына заңдық жақтан мүмкіндік жасаған.

Ал, біздегі жағдай басқаша... айдың-күннің аманында, байлығы мен бақытына мастанып, елбасын ұлықтап,  дәулетті тұрмыс кешіп жатқан қазақ өз қандастарын өзектен тепкені жақсылық емес екені белгілі. Бұл азаматтыққа да, дінге де, адамгершілікке де жат.  Өзінің төрі үшін ұлтының, ұрпақтың көрін қазу болмақ.

Тек олай болмасын деп тілейік, солай болмауына себепкер болайық, ағайын!

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264