Сенбі, 23 Қараша 2024
1121 0 пікір 17 Қаңтар, 2024 сағат 15:02

Экс-депутат Нұржан Әлтаевтың үкімі өзгеріссіз қалды

16 қаңтарда апелляция алқасы мәжілістің бұрынғы депутаты, "Ел тірегі" тіркелмеген партиясының төрағасы Нұржан Әлтаевқа шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Былтыр қарашада Астана соты саясаткерді 10 жылға бостандығынан айырып, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салған. Апелляциялық шешімді судья Н.Е.Баяхметов шығарған.

Әлтаевтың апелляциялық шағымы алғашқы инстанциядағыдай жабық режимде өтті. Астана соты өкілінің айтуынша, Әлтаев апелляциялық сотқа онлайн қосылған. Сот өкілдері тараптардың сотта келтірген дәйектерін келтірмеген.

Саясаткердің адвокаты Гүлшат Дүйсенова Азаттыққа кассациялық тәртіпте шағым түсіретінін айтты.

Әлтаев 2023 жылы маусымда қамауға алынған. Оның соты былтыр қазан соңында басталды. "Куәгерлерді қорғау мақсатында" процесс жабық өтті. Сотта "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы жетекшісі Абылай Мырзахметов куәлік берген. Прокурор Әлтаевқа 12 жыл түрме сұраған.

Алғашқы инстанцияда Нұржан Әлтаевқа 10 жыл түрмеден бөлек, "мүлікті заңсыз иемденгені үшін" одан мемлекет пайдасына 50 млн теңге қаражат өндіруді үкім еткен. Бұрынғы депутатқа бірнеше жыл бұрын еңбек министрінің орынбасары болып тұрған кездегі пара алды деген айып тағылған. Нұржан Әлтаев сотта тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзін билікті сынағаны үшін қудалап отырғанын айтты.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475