Бейсенбі, 8 Мамыр 2025
1368 0 пікір 17 Қаңтар, 2024 сағат 16:03

Шымкент қаласында бір көше бойындағы 4 дүкен өртенді

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Мэдина» дүкендері отқа оранды.

Өрт салдарынан құрылыс материалдарын сататын дүкендердердің сату орындары мен қоймаларындағы заттар түгелге жуық жанып кеткен.

Өртті сөндіру жұмыстарына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 200-ге жуық жеке құрам қызметкері мен 38 техникасы жұмылдырылды.

Өрт түнгі сағат 03:07 минутта оқшауланып, сағат 04:51 минутта толығымен сөндірілді. Жалпы көлемі 2 500 шаршы метрді қамтитын ғимараттың 1 300 шаршы метрі өртенді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1892
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2399