Жұма, 22 Қараша 2024
1099 5 пікір 23 Қаңтар, 2024 сағат 13:54

«Буаз киіктерді атып жатыр» - Министр не дейді?

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев буаз киіктердің атылуына пікір білдірді.

«Жалпы аңдардың көбі қыркүйек пен қараша аралығында күйлейді. Дүниежүзінде жалпы аңшылық кезеңі көптеген аңдардың көбейетін кезіне дөп келеді. Біз биологиялық, ғылыми негіздеме аясында аңшылық жасап жатырмыз. Осы ақпанның 20-сынан бастап киік атуды тоқтатамыз», — деді ол.

Ерлан Нысанбаев 2025 жылы киік саны 4,5 млн бастан асатынын айтады.

«Тек буаз киікті атып жатырмыз деуге болмайды. Онда елік атуды, бәрін тоқтатайық. Жалпы аңшылықты тоқтатайық. Сол себептен, әр нәрсені дұрыс түсіну керек. Егер тек киікті ғана буаз кезінде атып жатсақ, бір мәселе. Мен де оған бармас едім. Екіншіден, қазір 2,5 млн бас киік бар. Бұл өзі өсімтал мал. Былтыр мамыр айында туған ұрғашы лақ желтоқсанда күйлейді. Сонда 7 айдан кейін күйлейді. Қараңыздар, бүгіннің өзінде 2,5 млн бас бар. Оның теріс ықпалын диқаншылар көріп отыр. Биыл, келесі жылы не болады? Биыл мамыр айында 40 пайызы төлдейді. Ол үйдің қойы сияқты емес. Күйлісі ғана төлдейді. Биыл 40 пайыз есеппен алғанда 800 мыңдай қосылады. Сонда 3,3 млн басқа жетеді. 2025 жылы тағы 1 млн бас төлдейді десек, 4,5 млн бастан асып кетеді», — деді Ерлан Нысанбаев.

Фото: primeminister.kz

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320