Шардағы үлкен шаруашылық: тепловоздың дөңгелектері жасалады
«Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шар локомотив жөндеу депосының бас инженері Ринат Ұзақовпен өндіріс орындарын аралап жүріп, тепловоздардың жұп доңғалақтарын жөндейтін цехында аялдадық.
– Биыл ақпан айында алғашқы ТЭ33А сериялы «Эволюшн» тепловозының доңғалақ жұбын жөндеуді американдық «GE» компаниясының мамандарымен бір-лесіп жүргіздік. Екі аптаның ішінде солар-дың қатысуымен осы цехта алты жұп доң-ғалақты күрделі жөндеуден өткізіп, жалпы технологиясын үйрендік. Ал наурыз айында Америкадан әдейі комиссия келіп, біздің жөндеушілердің жұмысын жоғары бағалады, – деді ол.
Бас инженердің айтуынша, бұдан бұрынырақта Америкадан жеткізілген жұп доңғалақты ескіргеннен кейін тұтастай ал-ып тастап, тепловозға жаңасын ауыстырып салумен айналысқан. Ал доңғалақтардың өзі бірнеше тетіктен тұрады. Енді сол доңғалақтың құрылғыларын ашып көріп, іске жарамсыз болған тетігін ғана ауыстырып, қалғанын қайтадан қолданысқа пайдалану деңгейіне жеткен.
Доңғалақтарды Америкадан сатып әкелу өте қымбат бағаға түскен. Қазіргі кезде «Эволюшн» тепловоздарының доңғалақ жұптарын бөлшектеп, содан кейін зауыттық деңгейдегі қалпына келтіріп жөндеу тәсілін шарлық теміржолшылар Қазақстанда тұңғыш рет өздерінде ұйымдастырып игерді. Олар бар ықыласымен беріліп істеген іс алға баспай қоймайтындығын дәлелдеді.

– Зауыт Америкада, доңғалақтар біздің теміржолда екі жыл жүргеннен кейін тозады. Қосымша жөндеуді игеріп, доңға-лақтардың жүру мерзімін ұзарттық. Амери-кадағы зауыттың мамандары бастаған ісімізді одан әрі жалғастыруымызға лицензия береді. Қолданыстағы доңғалақтар-дың табаны жұқарып тозады. Бұрын іске жарамсыз деп сондай доңғалақтарды тұтастай қолданыстан шығарып тастайтын. Біз солардың істен шыққан бөлшек-терін ғана ауыстырып, жөндеп, қайтадан пайдалануға беріп жатырмыз. Жөнделген доңғалақтар Америкадан жаңасын тұтас-тай сатып алғаннан әлдеқайда арзанға түседі, – деді Ринат Ұзақов.
Доңғалақ жөндеу цехының шебері Серікхан Мұхамадиев пен бас инженер Ринат Ұзақов доңғалақ құрылғысына енгізген көптеген детальдық жаңалықтарды сы-нақтан өткізді. Алғыр ойлы, теориялық даярлығы жеткілікті бас инженер былтыр 16 мәрте өнертапқыштық ұсыныс жасады. Биыл да 10-15 өнертабыстық жаңалық енгізбекші. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының арнайы комиссиясы ұсыныстарды бекітіп, өндіріске енгізді. Биыл ұлттық компания теміржол күні мерекесінде іскерлік ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білген зерек те зерделі жас – Ринат Ұзақовты «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапаттады.
1993 жылдан бері бұл кәсіпорынды Жұмабек Бейсенов басқарып келеді. Іскер басшы осындай істердің үнемі басы-қасында болып, депоны өркендетуге ұжымын жұмылдыра білді. Кәсіпорында мамандығына әбден төселген, міндетті мүлтіксіз атқаратын жұмысшылар қалып-тасты. Шар локомотив жөндеу депосы «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 19 депосы арасында 2010 жылы барлық көрсеткіштер бойынша бірінші, былтыр екінші орын алды. 2010 жылы «Қамқор менеджмент» номинациясы бойынша «Үздік кәсіпорын» атанды. Сондай-ақ, былтыр тағы да «Үздік кәсіпорын» атағын иеленді. Ал кәсіпорын директоры, «Құрмет» орденді Жұмабек Бейсенов екі жыл қатарынан «Үздік басшы» мақтау қағазымен марапатталды.
Қазіргі уақытта Шар локомотив жөн-деу депосындағы жеті цехта 220 адам жұмыс істеп жатыр. Олар тепловоздарға техникалық қызмет көрсету, доңғалақ жұптарына, арнаулы жылжымалы құрамына күрделi жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысуда.
Теміржолшылар 1980 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген қар тазалау машина-ларының жабдықтарын жетілдіріп, күрделі жөндеуден өткізіп, заман талабына сай жарақтандырып жатыр. Былтыр «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акци-онерлік қоғамынан тапсырысы бойынша 12 машинаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ал биыл қар тазалығыш 14 ма-шинаны күрделі жөндеуден өткізуге тапсырыс алып, сегіз айда сегіз машинаны қыс-
қы маусымда іске қосуға дайындап қойды.
Биылғы сегіз айда Шар жөндеу депосының ұжымы 410 млн. теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалпы өнім 117 пайызға өсті.
– Бүгінгі күні Шар депосында «Эволюшн» тепловоздарына жөндеп жатқан жұп доңғалақтар саны жүзден асты. Бұрынғы кеңес кезінде жасалған тепловоздардың құрылымы бойынша жүз пайыз бағасын есептейтін болсақ, оның 10-15 пайызы өзінің құны болса, қалған 75-80 пайызы соны жөндеу үшін берілетін. Ал мына тепловоз керісінше, 75-80 пайызы тепловоздың сапасымен, жүрімділік ұзақтығымен бағаланады. Тек 10-15 па-йызы ғана жөнделуге бағытталған. Салыс-тырып айтқанда, егер кеңестің бір тепловозын жөндеуге еңбек өнімділігі-еңбек сыйымдылығы 20-25 адамды құрайтын болса, ал мыналарда керісінше, бір адам жиырма тепловозға есептеледі. Еңбек өнімділігі ұлғайды, адам саны азайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 257 тепловоз бар. Келесі жылы тағы 100 жолаушы тепловозы қосылады. Әр тепловоздың астында алты доңғалақтан бар деп есептесек, қажеттілік те күшейе түседі. Шар теміржолшылары үшін жұмыс ауқымды екені белгілі.
Шар мекемесінде осындай үлкен жетістік бар. Тың іске батыл кіріскен олар алдына қойылған міндеттемелерді, тапсырмаларды уақытында орындап, мәселелерді шешіп жатыр, – деді Өскеменге арнайы жұмыс сапарымен келген «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігінің бас директоры Ахметбек Балымовқа әдейілеп жолығып, әңгімелескенімізде.
Abai.kz