Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1546 8 пікір 27 Қаңтар, 2024 сағат 17:36

Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырыстары өтті

Бүгін Астанада Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырыстары өтті.

Шара басталар алдында Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құрылтай жұмысының негізгі бағыттары жөнінде Президенттің қаңтар айында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтылғанын атап өтті. Сондай-ақ осы консультативтік-кеңесші органның қызметі аясында Мемлекет басшысы көтерген бастамалардың жүзеге асырылу барысына қысқаша тоқталды.

Атап айтқанда, Мемлекеттік кеңесші Президенттің Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жаңа аудандарды қалпына келтіруге және құруға, өңірлік рәміздерді реттеуге, сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне «Ұлттық» мәртебе беруге, «Балалар кітапханасы» жобасына қатысты бастамалары жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті.

Ерлан Қарин заң мен тәртіп қағидаттарын бекіту және ілгерілету жұмыстарының қоғамдық маңызы зор екеніне назар аударды. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту  туралы заң жобасын әзірлеу, Парламент Мәжілісінің вейптерді елімізге әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы заң жобасын қабылдауы осы бағыттағы ауқымды жұмыстардың аясына кіреді.

Шара шеңберінде бір мезгілде «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», сондай-ақ «Әлеуметтік-экономикалық даму» секцияларының жұмыс отырыстары өтті.

Секциялардың жұмысы барысында мемлекеттік органдар Ұлттық құрылтай мүшелерінің бұған дейін айтқан ұсыныстарына орай пікір білдірді. Сондай-ақ қоғамның бірлігін нығайтуға, қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жаңа ұсыныстар талқыланды.

Ұлттық құрылтай хатшылығы жиын барысында көтерілген бастамалады жинақтап,  мұқият зерделейді.

Қазіргі таңда көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300