Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
1652 0 пікір 31 Қаңтар, 2024 сағат 14:32

Си Цзиньпин Талибанның Қытайдағы елшісімен кездесті

Қытай төрағасы Си Цзиньпин сейсенбі күні Ауғанстандағы Талибан режимінің Қытайдағы елшісі Билал Каримимен кездесті. 

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 30 қаңтарда ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Халық мәжіліс залында ҚХР-дағы 42 елшінің сенім грамоталарын алды. Қытайдағы осы 42 елшінің арасында Ауғанстандағы Талибан режимінің елшісі Билал Карими де бар.

Бұл Қытайдың Талибан режимімен ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанын білдіреді. Нәтижесінде Қытай Талибан режимін мойындаған алғашқы ірі халықаралық мемлекет болды.

Фото: Талибан сыртқы істер министрлігі өкілінің твиттерде жариялаған суреті

Си Цзиньпин сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде сөз сөйлеп, Қытай барлық елдің халқымен достықты жоғары бағалайды және басқа елдермен теңдік және өзара тиімділік негізінде ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты. Бұл туралы Талибан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазба жариялады.

Сондай-ақ сенім грамоталарын тапсыру рәсімі аяқталған соң Билал Каримидің Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен де келіссөздер жүргізгені айтылды.

2021 жылдың тамызында билікке оралғаннан бері Талибан Ауғанстанның, әсіресе көрші елдердегі дипломатиялық миссияларына тұрақты түрде бақылау орнатты. Талибан қазір Пәкістан, Өзбекстан және Түркіменстанды қоса алғанда, кем дегенде 14 елдегі Ауғанстанның елшіліктерді қарауына алған.

Кейбір елдер, соның ішінде Ресей, Қытай және Иран Кабулда өз елшіліктерін сақтайды.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров өткен аптада Нью-Йоркте журналистерге Мәскеудің саяси және адам құқықтарына байланысты Талибан режимін әлі мойындамағанын айтты.

Фото: Талибан сыртқы істер министрлігі өкілінің твиттерде жариялаған суреті

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1518
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3295
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5887