Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
1555 2 пікір 31 Қаңтар, 2024 сағат 14:43

Еуропалық комиссия Транскаспий дәлізін құруды қолға алды

Еуропа инвестициялық банкі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтерімен, сонымен бірге Қазақстан даму банкімен 1,47 млрд еуро тұратын меморандумға қол қойды.

Қаржылай көмек бөлуге Еуропалық комиссия кепілдік берген. Бұл туралы «Неміс толқыны» Еурокомиссияға сүйене отырып хабарлады.

Еуропа даму және қайта құру банкі Қазақстанмен 1,5 млрд доллардың инвестициялық меморандумына отырған. Қаражат Орталық Азия аймағында көлік қатынасын дамытуды көздейтін жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады.

Еуроодақ Еуропа мен Орталық Азияны байланыстыратын Транскаский көлік дәлізіне 10 млрд еуро инвестиция құятынын 29 қаңтарда Еурокомиссия төрағасының орынбасары Валдис Домбровскис хабарлаған.

Брюссельдегі форумға Еуропа, Орталық Азия, Кавказ және Түркия үкіметтерінің, іскер топтардың, қаржы институттарының өкілдері қатысып жатыр. Мұнда Транскаспий көлік дәлізіне инвестиция құю мәселесі сөз болды.

Жолаушылар мен жүктер бұл бағытты 15 күнде жүріп өтеді. Көлік дәлізі Еуропа, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Каспий теңізі акваториясы, Қазақстан және Қытайды қамтиды.

Еуроодақ 2027 жылға қарай Орталық Азия көлік жүйесін құруға 300 миллиард еуро қаржы жинауды көздеп отыр.

Ресей Украинаға басып кірген соң көптеген елдер Еуропа мен Азия арасында Ресейді айналып өтетін сауда жолдарын іздестіріп жатыр.

Фото: eureporter

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036