Президент Ақтөбе қаласының құрылғанына 140 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысты
Ақтөбе. 11 қыркүйек. ҚазТАГ- Ақтөбеде Мемлекет басшысының қатысуымен қаланың құрылғанына 140 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы түстен кейін облыстағы Достық үйімен танысты. Мұнда концерт және салтанат залдары, хореография, дайындық бөлмелері, конференция залы, мұражай, компьютерлік сынып, дыбыс жазу студиясы, этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің жұмыс бөлмелері бар.
Ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілерімен жүздесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Достық үйіне шағын автобусты сыйға тартты.
Одан кейін Мемлекет басшысы Қобыланды батыр атындағы орталық стадионға келді. Мұнда Ақтөбенің 140 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Бүгінде бұл - Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталығы, көлік инфрақұрылымы, заманауи әуежайы дамыған қала. 140 жыл ішінде Ақтөбе тұрғындарында ерекше қалалық мәдениет пен өзіндік дәстүр қалыптасты. Ақтөбе көп ұлтты, көп дінді әсем қалаға айналған, деп айтылған хабарда.

Президент қазақстандықтардың бірлігі мен достығы ең батыл мақсаттарды қойып және оны шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы жұртшылықпен кездесу кезінде олардың елімізді одан әрі дамыту, Қазақстанның жаңа индустрияландыру жоспары, еліміздің барлық азаматтарының өмірін жақсарту жөніндегі президенттік бастамаларды қызу қолдайтынын сезінді.
Қазақстанның дамуына ақтөбеліктер де айтарлықтай үлес қосуда.
Мемлекет басшысы ақтөбеліктерді мерекемен құттықтап, барлық қалалықтар мен облыс тұрғындарына амандық, денсаулық және бақыт тіледі, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Президенттің Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары «Олимпийский» спорт кешінінің бір бөлігі болып табылатын Ақтөбедегі жаңа теннис орталығымен танысуымен аяқталды. Орталықтың құрамына 4 жабық, 6 ашық корт, 2 жаттығу залы, оқу-әдістемелік сыныбы кіреді.
Президент соңғы жылдары қазақстандықтардың арасында тенниспен әуестенушілердің қатары артып отырғанын атап өтті. Әсіресе, спорттың бұл түрімен жастардың көп айналысуының маңызы зор. Сондықтан бүгінде Қазақстанның әрбір ірі қаласында жаңа теннис корттары бар. Өткен жылы Астанада заманауи Халықаралық теннис орталығы ашылды.
Мемлекет басшысы қазақстандықтардың таяу келешекте халықаралық теннис ойындарында өздерін айрықша көрсететініне сенімді екенін жеткізді. Ол салауатты өмір салтын дәріптеу үшін спортты дамыту қажеттігін ерекше атап өтті.
Президент спортшыларға жаңа рекорттар мен жоғары көрсеткіштер тіледі.
Жұмыс сапарын қорытындылай келе Президент Ақтөбе облысының даму қарқынына қанағаттанушылық білдірді және облыс басшылығына оң баға берді. Мұнда 54 индустриалдық-инновациялық жоба жүзеге асырылуда, 33 мың жаңа жұмыс орны, соның ішінде жол картасы аясында 24 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жалпы, Қазақстан бойынша жағымды өзгерістер орын алуда. Барлық облыстарда өңірлік жол картасын іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
« Біздің бірлігіміз, болашаққа деген ұмтылысымыз, барлық қазақстандықтардың жұмысқа қабілеттігі – табысымыздың кепілі», - деп айтқан Н. Назарбаевтың сөзін баспасөз қызметі келтіріп отыр.
11-шы қыркүйек күні таңертең мемлекет басшысы Ақтөбеден Орынборда өтетін Қазақстан мен Ресейдің Аймақтық өзара қарым-қатынас VI форумына қатысу үшін ұшып шығады. Форумға Н. Назарбаев ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен бірге қатысады.