АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАШАН ҮЙЛЕНГЕН? ЕЛІНЕ ҚАШАН БАРҒАН?
...А.Байтұрсынов атындағы мұражайдың директоры Р.Имаханбетованың "Ғасыр саңлағы -А.Байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырбаяны" атты кітабы баспадан шыққан болатын. Бұл кітап авторы Р.Имаханбетова ғылыми зерделеу, зерттеуімен емес, құжатсыз, дәлелді дерексіз тұжырым жасауымен мені таңғалдырды. Кітаптың бірінші тарауының бірінші бөлімі А.Байтұрсыновтың «Өмір деректерін» баяндаудан басталады. Бұл тараудағы үлкен қателік А.Байтұрсынов пен Бәдрисафаның үйлену мерзімін көрсетуден кеткен. Автордың өзі осыны былай деп баяндайды «...Яғни, олардың шамамен 1896-1897-жылдары(?) некелескені анық. Ерлі зайыптылар шаңырақ құрғанда Ахмет -25 жаста, Бәдрисафа -19 жаста болған»деп (44- бет) тұжырымдама жасайды.
...А.Байтұрсынов атындағы мұражайдың директоры Р.Имаханбетованың "Ғасыр саңлағы -А.Байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырбаяны" атты кітабы баспадан шыққан болатын. Бұл кітап авторы Р.Имаханбетова ғылыми зерделеу, зерттеуімен емес, құжатсыз, дәлелді дерексіз тұжырым жасауымен мені таңғалдырды. Кітаптың бірінші тарауының бірінші бөлімі А.Байтұрсыновтың «Өмір деректерін» баяндаудан басталады. Бұл тараудағы үлкен қателік А.Байтұрсынов пен Бәдрисафаның үйлену мерзімін көрсетуден кеткен. Автордың өзі осыны былай деп баяндайды «...Яғни, олардың шамамен 1896-1897-жылдары(?) некелескені анық. Ерлі зайыптылар шаңырақ құрғанда Ахмет -25 жаста, Бәдрисафа -19 жаста болған»деп (44- бет) тұжырымдама жасайды.
...Мәселен, Р.Имаханбетова кітаптың 35-ші бетінде: «Ахметтің асыл жары Бәдрисафа хақында зерттеуші ғалымдардың (ғалымдардың аты жөні, еңбегі аталмаған) тарапынан да әр қилы нұсқадағы болжамдар айтылып жүр. Мәселен «Осы жерде айта кетелік, «А.Байтұрсыновтың жұбайы Александра атты орыс әйелі болады.Өзі тұрған пәтер иесінің қолында жүрген жетім қыз. А.Байтұрсынов түрмеде жатқанда тамақ тасып, кір- қоңын жуып, көмек көрсетеді. Адамгершілігі зор азамат мұндай қайырымдылықты, адал көңілді аттап кетуді ар санап, түрмеден шыққан соң сол қызға үйленеді» (23-32- бет) деген жаңсақ пікір еш қисынға келмейді» деп бұл жерде аты -жөні, еңбегінің тақырыбы аталмаған бір ғалымның Ахаң мен Бәдрисафаның қосылуы туралы пікірін жөнсіз, нақты дәлел дерексіз теріске шығарады.
... Бұл жолы автор осы кітаптың 40-бетінде «Мәселен,1926-шы жылдары (?) туған еліне демалуға келген Ахмет пен Бәдрисафаның аз күн тәрбиесінде болып...» деп бастайды әңгімесін. Бұл жерде мәселе Р.Имаханбетованың «Ахмет пен Бәдрисафа Торғайға 1926-жылы келді деуінде.
Ал, Ахаңның қолында өскен Кәкішев Самыраттың жазуынша («Ахаң туралы ақиқат» 26-бет) А.Байтұрсынов пен Бәдрисафа Торғайға 1923 жылы келген.
Жоғарыдағы үзінді жолдар журналист, тарихшы Жұмат Әнесұлының «Ғасыр саңлағындағы» жалған деректер: А.Байтұрсынов пен Бәдрисафа туралы» мақаласынан алынып отыр. Қараңыз: http://masa.kz/article/view/id/4348
Abai.kz ақпараттық порталының электронды поштасына (abai-akparat@mail.ru)
Жұмат Әнестің жазғанына орай А.Байтұрсынов атындағы мұражайдың директоры Райхан Имаханбеттен жауап келді. Жауап хатында Райхан ханым былай дейді:
1). Жұмат Әнес Қостанайдан 100 шақырымда орналасқан Әулиекөлдегі жеті көлдің бірінің «Мұғалімкөл» аталуының сырына үңілген болса, мұның мәнін түсінер еді. Ахметтей жігіт төресіне 34-ке келгенше отбасын құрмай не көрініпті?! Ахмет Омбыға барғанға дейін отбасылы болғанын аңғару еш қиындық туғызбайды логикасы дұрыс адамға.
Ал мен, «жаңсақ» деп есептеген пікірлерімнің авторларына сілтеме жасай отырып, тараудың соңында кітаптарының атауы және үзінді алған бетін көрсеткенмін. Кітап ішінде аты аталмаса, ол әдепке бағынғандықтан. Шындығында, ол кісілердің Бадрисафа Байтұрсынованың Дала губернаторына жазған жеделхатынан хабарлары болса, асығыс догма жасамаған болар еді. Ол кісілер, өздерінен кеткен ағаттықты білгеннен кейін үнсіз қалды. Б.Бадрисафа анамыздың жеделхатын БАҚ-та жорналшы Армиял Тасымбеков 1994 жылы «Қазақ әдебиеті» апталығында жариялағанымен, оның есімін – Татьяна деп жаңылысты, мұны ғылыми орта қабылдамағандықтан, «Ғасыр саңлағы...» кітабында тұңғыш рет жеделхат қаз-қалпында берілді.
2). А.Байтұрсынұлының 1902-1904 жылдары Омбы мекемесінде іс-жүргізуші болып қызмет істегені анық. Омбы облысы Мемлекеттік мұрағат.,8-қор, 1-тізбе,1-іс, 1-парақ. Мұны тарихшылар анықтаған. Менің ол тұста бұл деректен хабарым болған жоқ, «Ғасыр саңлағы» кітабын оқығаннан кейін қарағандылық – Қайрат Әлібеков хабарлап, жоғарыда аталған қор мен ақпараттың толық нұсқасын жіберді. Міне, нағыз ғылымға жаны ашитын азамат. Ал мен М.Әуезов пен М.Дулатұлының естеліктеріндегі мәліметтерге сүйеніп, Омбыда тұрғаны анық деген ойды тастағанмын, оқырманға. Қателеспеппін.
3). А.Байтұрсынұлының еліне 1926 жылы барғаны да анық. Ахмет 1909 жылы қайтыс болған әкесі мен кейін қайтыс болған ағасы Қалидың басына тұрғызған тамның көктасына «1926 жыл» деп жазған. Мұны төте жазуды – Ахмет әліппесін білетіндердің бәрі де оқи алады.
Түйін сөзім: Ахмет Байтұрсынұлының өміріне қызығушылық танытып, зерттеу немесе кітап жазу үшін Торғайда туу шарт емес. Ол күллі қазаққа, тіпті түркі жұртына ортақ тарихи тұлға, қай саладан алып қарасаңыз да Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың реформаторы. Ахаңдай тұлғаның келбетін бір баяндамада «Ұлағатты ұстаз» атты мақаласында толыққанды жазған жазушы – Әбіш Кекілбайұлы. Тым болмаса, соны оқып алсаңыздаршы, сонда ойланып сөйлер едіңіздер.Ол мақала – «Егемен Қазақстан» газетінде 1998 жылы, «Ұлттық рухтың ұлы тіні» атты жинақта 1999 жылы жарияланды.
Ахмет Байтұрсынұлындай әфсана тұлғаның туған жеріне тағзым ету – исі қазақтың парызы. Торғайдан шыққан тұлғаларға қызыққандықтан, топырағының киесін жазып жүріп, торғайлықтардың бәрін Ахаңдай көруші едім. Атам қазақ: «Бір биеден ала да, құла да туады» деп бекер айтпаған екен-ау. «Битке өкпелеп, тонымды несіне жағайын», текке тоңып қалармын. Жаратқан ием Рухани тоңудан сақтасын ұлтымызды. Жердің де, жүздің де өзіндік киесі бар... Сондықтан, жер мен жүзге бөлініп, шөре-шөре болғанша, Алаш Арыстары аңсаған «бауыры бүтін, сауатты да мәдениетті ел болу» жағын ойлайық, ағайын!
P.S. Құрметті сайт оқырмандары, жуырда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының алты томдығы (120 баспа табақ) өз оқырмандарына жол тартады. Көзі қарақты оқырман, құр қалмаңыздар.
Райхан Сахыбекқызы ИМАХАНБЕТ
Abai.kz