Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2491 0 пікір 11 Қараша, 2013 сағат 03:32

Тұрсын Жұртбай. Жаңаөзендік жастарға ашық хат

Қадірлі жаңаөзендік жастар!

«Баршаңызды бауырыма баса алмасам да, Сіздердің шақыруларыңызбен барып, Жаңаөзеннің ел-жұртын көрген аз күннің ішінде Сіздерге бауыр басып қалғанымды жасыра алмаймын. Сол бір екі тәуліктен соң менің санамды күбірткідей жеп жүрген бүгінгі жастарға деген күдігім сейіліп, сендер арқылы, нақтырақ айтсам, өзім «Жаңаөзен рухы» деп атаған қайсар да сабырлы және мақсатты рухтарың арқылы ертеңгі күннің жастарына деген сенім орнады. Бізде, яғни,қазақ ұландарына саналы намыс пен табанды төзім, мақсатты ұмтылыс ұшқыны өшпеген екен деген үмітті ұялатты. Аса намысты күндердің ауыр салмағын жүректеріңде ұстай отырып, «кек иіріміне» үйіріліп қалмай, сол бір боздақтар құрбан болған мақсат жолына қуатты жігермен, саналы қадаммен, жастық ынтамен қадам басып, ширақ та нақты шешім қабылдағандарыңа, өмірден өз жолдарыңды ғылым мен білімге, туған ұлтың мен жеріңнің тарихын білуге, өнеріне құштар талпыныстарыңа  сүйіндім.

Өткен ұмытылмас. Сол өткенді: ертеңге бастарыңды жоғары ұстап, кеуделеріңді тік көтеріп, мыстарыңды ешкімге идірмей, келер күнге жалғауға тәуекел еткендерің –  нағыз азаматтық рухты танытады.

Қадірлі жаңаөзендік жастар!

«Баршаңызды бауырыма баса алмасам да, Сіздердің шақыруларыңызбен барып, Жаңаөзеннің ел-жұртын көрген аз күннің ішінде Сіздерге бауыр басып қалғанымды жасыра алмаймын. Сол бір екі тәуліктен соң менің санамды күбірткідей жеп жүрген бүгінгі жастарға деген күдігім сейіліп, сендер арқылы, нақтырақ айтсам, өзім «Жаңаөзен рухы» деп атаған қайсар да сабырлы және мақсатты рухтарың арқылы ертеңгі күннің жастарына деген сенім орнады. Бізде, яғни,қазақ ұландарына саналы намыс пен табанды төзім, мақсатты ұмтылыс ұшқыны өшпеген екен деген үмітті ұялатты. Аса намысты күндердің ауыр салмағын жүректеріңде ұстай отырып, «кек иіріміне» үйіріліп қалмай, сол бір боздақтар құрбан болған мақсат жолына қуатты жігермен, саналы қадаммен, жастық ынтамен қадам басып, ширақ та нақты шешім қабылдағандарыңа, өмірден өз жолдарыңды ғылым мен білімге, туған ұлтың мен жеріңнің тарихын білуге, өнеріне құштар талпыныстарыңа  сүйіндім.

Өткен ұмытылмас. Сол өткенді: ертеңге бастарыңды жоғары ұстап, кеуделеріңді тік көтеріп, мыстарыңды ешкімге идірмей, келер күнге жалғауға тәуекел еткендерің –  нағыз азаматтық рухты танытады.

Сол алаш қамы жолына келер күннің қамын ойлап құрған, жастарға ел тарихын, мәдениетін, өнерін таныстырып, тәуелсіз елдің туын тік көтеретіндей зиялы жастардың басын қосып, ғылым мен білімге, өнерге ықлас аударып, бүгінгі қоғамдағы түрлі құбылыстарды терең түсіну мақсатында құрылған «Жас мамандар кеңесінің» соған ұйытқы болып отыруы – Сендер үшін жүрегі алаңға толған кез-келген алаш азаматтарының көңіл медеуі, жүрек қалауы. Орынсыз жұлқынуы, талайсыз тепсіні, күйреуік өкпесі жоқ бұл талаптарыңды сабырмен саралаған, айтпай түсініскен береке-бірліктеріңнен айналдық. Сол бірлік исі алашқа жұғысты болғай. Сендердің туған тарихты білу арқылы салиқалы азамат болуға жол ашатын мұндай жас мамандар кеңесі Отанымыздың әр жерінде бар және олар игілікті нәтижесін бере бастады. Мұндай жастар кеңесін құруды мемлекеттік билік те қуаттап, қолдап отыр. Қазіргі мемлекеттік ұстаным: «Кеңесіп пішкен тон келте болмас», «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегенді алдыңға қатарға шығарып отыр. Сендер құрған «Жас мамандар кеңесі» сол мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың бір көрінісі деп білемін.

Барғанша, сендермен сұхбаттасқанша алмағайып күй кешсем де, Сіздермен тіл қатысқаннан кейін (жастар өкілімен, екі күн қатарынан таңғы алты мен тоғыздың арасында көшеде серуендеген кездегі жекелеген тұрғындармен тізгінұшты пікір алысқаннан кейін, әулиелердің басын аралап жүрген тәубә етушілермен, жүргіншілермен т.б.) осынау бірауызды бірлік пен өзара сыйласымды түсінісулеріңізге таң қалдым. Кездесу барысында сіздердің тарапыңыздан қойылған: Алаш идеясы, тарих, тарихи ақтаңдақтар, Абай, дін, тіл, бүгінгі жастар, ғылым, білім, өркениет туралы қойған тілшелеріңізді (сұрақтарыңызды) қайыра оқып, Сіздердің білім мен ғылымға сусап отырғандарыңызға көзім анық жетті. Ең бастысы:

Біріңді қазақ – бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос, –

деп айтқан Абайдың өсиетіне сай, біріңді-бірің ғана дос, туыс, бауыр көрмейді екенсіңдер, бүкіл қазақты бауыр көреді екенсіңсіңдер. Бұл – исі алаштың арманы.

Біз,  Алаш жұрты көгерсек, осындай киелі қасиетпен көгереміз».

            Міне, жоғарыдағы аяқталмаған, әлі де ой, пікір тұжырымдалмаған осынау жолдарды хатқа түсіріп отырғанда, «Азаттық» радиосы арқылы берілген (әрине, қысқартылып) сұқбаттағы кейбір нақты қолданылмаған сөз тіркестерінің (ауызекі сөзде ондай селкеуліктердің жиі кетуі қалыпты жаңғдай) екіұшты пікір тудырғанына қатты өкінемін.  Сондықтанда хатты осы арадан үзіп тастап, мынаны мәлімдеймін. Сұхбаттың  ішіндегі:

«Жаңаөзенде әр саланың мамандары бірігіп, «Жас мамандар» ұйымын құрыпты»– деген сөйлемдегі «Жас мамандар кеңесі» – «жас мамандар ұйымы» делініп кетіпті. Бұл менің тарапымнан ауызекі баяндауда кеткен стильдік жаңсақтық. Шындығында, сендердің құрғандарың «Жас мамандардың кеңесі». Кеңес пен ұйым сөздері ауызекі сөзде ауыспалы мағынасында қолданыла берсе де, Сіздерге «Ол қандай ұйым?» деген сұрақ қойылуы мүмкін болғандықтан да, оқырмандарға және соған мән берушілерге мен бұл тіркестегі «ұйым» деген сөзді қате қолданғанымды мойындаймын және одан ешқандай өзге бір астар іздемеуді өтінемін. Шын мәнінде, ол жастарды ғылым мен білімге, өнерге баулитын мамандар кеңесі. Мәдени, ағарту міндетін алдына мақсат етіп қойған кеңес.

            Екінші, сол сұқбатта жалпы көңіл-күй ауанына және адамдардың рухани бірлігіне ризалықты танытатын, сондай-ақ, ресми кездесуден тыс таңғы үш-төрт сағатқа созылған көше серуенінде байқаған, естіген және адам сүйсінетіндей ықыласты жүздеріне қарап қолданған:

 «Тұйыққа тірелген сәттерде  бірігіп жол табу. Мәселен, «Бір үйдегі бес адамның нешеуі жұмыста, қаншасы жұмыссыз? Қай үйдің әлеуметтік жағдайы төмен?» –    деген секілді сауалдар төңірегінде зерттеу жүргізіп, жұмысқа орналастыру, бір-бірімен әйтеуір септесіп өмір сүру. Мұндай рухани бірлікті өз басым бұрын-соңды байқаған емеспін»

Деген сүйінішті ризалық пікірдің: «Жас мамандар кеңесі жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ететін кеңес» деген мағына беретіндей көрінетіндігі. Мен айтайын дегенім ол емес, ықыласты бірлік. «Деген сықылды»  сөзде сондай сілтемелік мағына бар. Оқырмандарға қайталап айтайын, «Жас мамандар кеңесі» жұмысқа орналастырумен айналыспайды, ол жас мамандардың ғылыми ағарту саласындағы мәдени кеңесі.

Осындай игі ниеттен туған, менің тарапымнан нақты қолданылмаған екі тіркес «Жас мамандар кеңесінің» мақсаты мен міндетін атқаруда нұқсан келтірмейді, мемлекеттік жастар саясатының  басты пәрменді бағыты болып отырған «жас мамандар кеңесі» өзінің жұмысын одан әрі сәтімен жалғастырады – деп сенемін. Егерде осы сөздерден жалған астар іздеп, басқадай мағына беретін немесе түсінетін ағайындардың алдында жауапкершілікті өз мойныма алатындығымды және оның ауызекі сөзде кеткен жаңсақтық қана екенін мәлімдеймін.

Жаңаөзендік ағайындар!

Жаңаөзендік жастар!

Сондай бір елжіреген жүрекпен еске алатын күндерге еш қашанда кіреуке түспеуін тілеймін.

Ал Пікір білдіретін ағайындарға ескертерім, жан жарасын сипасаң – жазылады, тырнасаң – асқынады. Ұстамды, төзімді, сиымды, кең болайық. Абай айтқандай, қашанға «бірімізді біріміз аңдып, пәле іздеп, оңдырмай жүре береміз». Ес кіретін кез келді.

Құрметпен,  

Тұрсын Жұртбай.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475