Жексенбі, 24 Қараша 2024
937 1 пікір 5 Ақпан, 2024 сағат 17:09

Дума мигранттарға: Ресей паспортын ал, соғысқа аттан!

Сурет: ria.ru

Ресей мемлекеттік думасы азаматтық алған шетел азаматтарын әскерге алуды 50 жасқа дейін көтеруді талқылап жатыр. Құжат жобасы парламенттің төменгі палатасының сайтында жарияланды.

Құжаттың түсіндірмесінде шетелде туып, Ресей азаматтығын алғандар әскери есепке тұрудан жалтаратыны немесе 30 жастан кейін азаматтық алатыны жазылған. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресейде әскерге алу шегі 30 жас деп белгіленген.

Заң жобасын «Единая Россия» фракциясының депутаттары Александр Бородай мен Михаил Шеремет, ЛДПР депутаты Алексей Журавлев ұсынды.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін билік еңбек мигранттарын соғысқа баруға үгіттей бастаған. 2023 жылы Ресей билігі азаматтық алған еңбек мигранттарын әскерге қабылдауды көбейтті. Ресейдің ірі қалаларында әскерге жарамды мигранттарды анықтауды көздейтін рейдтер ұйымдастырылды. Ресей азаматтығы бар мигранттарды әскери комиссариатқа жіберді, әскери есепте тұрудан жалтарғандарды жауапқа тартты.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап әскери есепте тұрудан жалтарған мигранттарды азаматтықтан айыра бастады. Мәскеу тергеу комитеті Орталық Азия елдерінде туған азаматтардың үстінен 22 қылмыстық іс қозғады. 80 азамат әскерге қабылданды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572