Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Айқай 2505 31 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 15:16

Америкалық «путиншіл» журналист. Путин сұхбаты

Сурет gazeta.ru сайтынан алынды

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, апта басында Мәскеуде бой көрсеткен Американың ресейшіл журналисі Такер Карлсон Ресей президенті Путиннен сұхбат алғанын, көп өтпей өзінің «Х» (бұрынғы Твиттер) ресурсындағы парақшасында жариялайтынын мәлімдегені сол, оған қызығушылық танытқандар саны 100 миллионға жуықтаған.

Ресурс қожайыны Илон Маск те сұқбаттың арнада кедергісіз жарияланатынын айтып, қолдау білдірген.

Дүбірі жер жарған аталмыш сұхбат бүгін жарық көрді. Кремльдің баспасөз хатшысы Песков Ресейде твиттерге тыйым салынғандықтан сұхбаттың Кремльдің ресми сайтында ағылшын және орыс, екі тілде жарияланатынын айтқан еді. Екеуара әңгіме екі сағатқа созылған.

Еркін көсілген Путин: «Батыс елдерінің бұл реткі соғыста біздің жеңетінімізге көздері жетті. Сол үшінде олар жаңа бағыт іздеп жатыр», - деген.

Ол сондай-ақ соғысты өршіту ойы жоқ екенін, Польша Ресейге соғыс ашса ғана оларға қару қолданатынын, Балтық елдеріне тіптен қызықпайтынын жеткізген. Қытаймен ара қатынасына да тоқталып, Қытайдың құдай таңдап берген көршісі екенін, ғасырлардан бері араласып келе жатқанын алға тартып, Қытаймен одақтасты деудің қисынсыз екенін дәлелдеуге тырысқан. Қытаймен Еуроодақтың саудасының Ресейден көлемді екенін, АҚШ-та да қытай компанияларының көп екенін алға тартқан.

Карлсон Орыс әскері Украинаға басып кірген екі жылдан бері Путиннен сұхбат алған алғашқы батыс журналисі болғанымен, осы жолғы сұхбаты үшін үлкен бодау берейін деп тұр.

Еуропарламент оған санкция салуды қарастырып жатыр. «Соғыс қылмыскері» атанып, халықаралық іздеу жарияланған диктатордан сұхбат алу – фашизді дәріптеу», - дейді белсенді депутаттар мен АҚШ медия магнаттары.

Карлсон былтыр сәуірдің 24-күні ресйшіл болғаны үшін «Фокс» телеарнасынан жұмыстан қуылған еді. Өткен қыркүйек айында Путиннен сұхбат алуға Ақ үйдің әкімшілік кедергілер жасап отырғанын айтып сұхбат берген еді.

Оның осы жолғы Ресей басшысымен болған сұхбатына Американың бұрынғы Мемлекет істер хатшысы Хилари Клинтон да ашынып оны итке теңеп: «Путиннің Украина туралы өтірігін жарнамалаған, қолжаулық болған арамтамақ», - деп айыптаған.

Карлсонның айтылып жатқан сындарға дайын уәжі бар. Оның сөзінше әлемдік геосаясатты, экономиканы басқа арнаға бұрған соғыс басталғалы бері Американың алпауыт басылымдары Зеленскийді ғана батыр етіп көрсетіп, біржақты майдан ұстанып келеді екен. Қарапайым АҚШ азаматтары екі ел арасында не болып жатқанынан мүлде бейхабар. Өзі сол олқылықты толтырғысы келеді. Ол Путиннен бөлек, Зеленскийге де сұхбат беруге ұсыныс жасағанын айтуда.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

31 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052