Маңғыстау, маңғаз дала, еспе құмды, Қимадым теңізде өткен кештерімді. Болмаса Йассауйдей ақын бабам, Өкіндім Оңтүстікте өскенімді. Кене мола, Әулие тас, ескі қырат, Ары-бері қанша ауыл көшті жылап. Тандыры кепкен сонау бір шөлейттерге, Ақсыншы тарихы бар ескі бұлақ. Сес көрсеткен көктегі құдайға да, Толқынданып құмдары құлайды ана. Батырларын жоқтай ма, ақындарын, Мұңын шағып желдері жылайды, Аға. Маңғыстау, табындырды сағындырды, Кілкіген көз ұшында сағым тұрды. Жібектей Оңтүстіктің бір баласы ем, Аруақты дала қайта «қағындырды». Қайғыға Адайларым күрсінбепті, Жүрегін талай ердің дүрсілдетті. Қыздары-ай жанары от, әзілі бал, He дейін, көкірегімде бір сыр кетті. Әжімінен ескі өмір аңғарылған, Сыр тарттым сиреп калған шалдарынан. Үш жүз алпыс екі әулие, колда мені, Іздеп келдім баяғы Шавгарыңнан. Маңғыстау, маңғаз дала, еспе құмды, Білші сен, Түркістанда ескенімді. Темірхан көкем менің жыр оқыған, Қимай барам армандай кештерімді. Терезеңнен үңіліп көрші келіп, Жер жүрегімнен аспан жүрегіңе емші болып, Ақ көйлекпен қалықтап Ай барады, Шаттандырып таң атсын айналаны,
Abai.kz Ең көп оқылған
0 пікір
Үздік материалдар |