Маңғыстау тарихы: Маңғыстаудың аласа таулы шөлі
Маңғыстау түбегі Каспий теңізінің шығыс жағасының аумақты тұмсығы болып табылады. Орталық бөлігі – Маңғыстау – бір ғана антиклинальды қатпарлықтан құралған шағын таулы үстірт; оның шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан оң қанаты қосымша қатпарлықпен күрделене түскен. Таулы қырат жоталардың жай ғана жүйесінен тұрады: орталығында Қаратау жотасы созылып жатыр, ал Қаратауды бойлап солтүстіктен және оңтүстіктен Ақтаудың Солтүстік және Оңтүстік жоталары созылып жатыр. Қаратау жотасының үсті ені 3-9км, кей жерлерінде қалдық шоқылары сақталған, толқындалып жатқан үстірт тәрізді болып келеді. Үстірт толып жатқан тік, кейде шаншылған тік беткейлі жыра – сайлармен тілімделген. Қаратаудың оңтүстік беткейіне параллель оңтүстік Ақтау – батыс пен солтүстікке қарай шұғыл бұрылыс жасайтын енсіз жота созылып жатыр; оны жыра – сайлар тіке кесіп өтеді. Солтүстік Ақтау Қаратаудан солтүстікке қарай созылып жатыр; Оңтүстік Ақтау сияқты мүның да кейбір жерлерін жыралар тіке кесіп өтеді. Жотаның үсті жон тәрізді, беткейлері тік; солтүстік беткейі жайпақтау келеді, оңтүстігіне қарағанда көбітек тілімделген. Оңтүстік беткейі тым тік, ұсақ жыралар ғана кесіп өтеді, ал солтүстік беткейі терең жыралар жал – жал етіп бөліп тастаған. Солтүстік Ақтаудың беткейлерінде желдің әсерінен пайда болған неше түрлі қызық пішіндер – бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі.
Маңғыстау түбегі Каспий теңізінің шығыс жағасының аумақты тұмсығы болып табылады. Орталық бөлігі – Маңғыстау – бір ғана антиклинальды қатпарлықтан құралған шағын таулы үстірт; оның шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан оң қанаты қосымша қатпарлықпен күрделене түскен. Таулы қырат жоталардың жай ғана жүйесінен тұрады: орталығында Қаратау жотасы созылып жатыр, ал Қаратауды бойлап солтүстіктен және оңтүстіктен Ақтаудың Солтүстік және Оңтүстік жоталары созылып жатыр. Қаратау жотасының үсті ені 3-9км, кей жерлерінде қалдық шоқылары сақталған, толқындалып жатқан үстірт тәрізді болып келеді. Үстірт толып жатқан тік, кейде шаншылған тік беткейлі жыра – сайлармен тілімделген. Қаратаудың оңтүстік беткейіне параллель оңтүстік Ақтау – батыс пен солтүстікке қарай шұғыл бұрылыс жасайтын енсіз жота созылып жатыр; оны жыра – сайлар тіке кесіп өтеді. Солтүстік Ақтау Қаратаудан солтүстікке қарай созылып жатыр; Оңтүстік Ақтау сияқты мүның да кейбір жерлерін жыралар тіке кесіп өтеді. Жотаның үсті жон тәрізді, беткейлері тік; солтүстік беткейі жайпақтау келеді, оңтүстігіне қарағанда көбітек тілімделген. Оңтүстік беткейі тым тік, ұсақ жыралар ғана кесіп өтеді, ал солтүстік беткейі терең жыралар жал – жал етіп бөліп тастаған. Солтүстік Ақтаудың беткейлерінде желдің әсерінен пайда болған неше түрлі қызық пішіндер – бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі. Маңғыстау түбегінің рельефі жыныстардың геологиялық құрылысы және петрографиялық құрамымен тығыз байланысты. Маңғыстау антиклиналының ядросында тік қатпарларға жиналған триастын шөгінділері жатыр. Осылардан орталық жота – Қаратау құрылған. Антиклинальдың қанаттары юра және бор жыныстарынан түзілген, онда да юра құмтасты – сазды жыныстар, ал бор қатты, тығыз ізбес тастар түрінде болған. Бор жасындағы ізбес тастар антиклинальдың қанаттарына ойысып, жоталар – Оңтүстік және Солтүстік Ақтауды құрады, ал оңай бұзылғыш құмтасты – сазды юра шөгінділері рельефтің ойыс формаларын – Ақтау мен Қаратау жоталары арасындағы «аңғарларды» құрайды. Маңғыстауда құрылымы өте нашар, көбінесе түйіршігі ірі, сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысында жусан басым, рельефтің ояңдарында сораңдар кездеседі. Маңғыстаудан солтүстікке қарай каспийлік төрттік шөгінділерінен құралған Бозашы түбегінің кең, аласа және тегіс алқабы орналасқан. Түбектің беті қыраңды, сәл толқындалған, солтүстікке қарай біртіндеп аласаратын жазық болып келеді. Үстірттің шөлді жотасы Маңғыстаудың түбегі мен Қарабұғаз шығанағынан шығысқа қарай ауданы 200000 км²-ге жуық кең байтақ Үстірт үстірті созылып жатыр. Үстірт барлық жағы дерлік кемерлермен – шыңқылармен бөлінген, ал шығыс жары көп жерінде Арал теңізінің батыс жар қабағын құрайды. Жонның біркелкі жер беті кей тұста ендік немесе меридиан бағытында созылып жатқан толқынды көтерілулермен бұзылады. Бұл жалпақ көтерілімдер арасында ояңдар орналасқан. Мысалы, үстірттің солтүстігінде ендік бойымен Солтүстік Үстірт қырқасы солтүстік шыңқыны бойлай созылып жатыр. Оның абсолюттік биіктігі 200-210м-ге жетеді. Оңтүстікке қарай бұл қырқа жазаңдалып аласарады. Қырқаның өркештері ояң учаскелермен салыстырғанда 25-40м биік болады. Қырқалардың оңтүстігінде Солтүстік Үстірт иіні орналасқан, ол солтүстік қырқаны орталық Үстірт көтерілімінен бөліп тұрады. Осы қазаншұңқырдың бойында Қосбұлақ, Асмантай, Матай, Сам және басқа да сорлар тізбегі бар. Биіктігі 240 м-ге жететін әжептәуір қырқа Арал теңізінің батыс жағалауын бойлай созылып жатыр. Арал теңізінің оңтүстік – батысына қарай кең ойыс орналасқан, Барсакелместің соры сонда. Үстірт үстіртінің солтүстік шыңқысы Қайдақ сорынан басталып, оңтүстікке қарайй терең, көбінесе ұзын жыралармен тілімделген ирелеңді тік кемер жасап созылады. Кей жерлерде Үстірттен оқшау үстірттер бөліп шығады. Шығыста шыңқы Шеген өзенінің сағасына қарай созылып барады да, Үлкен Борсық құмдарына жетпей жоғалып кетеді. Үстірт құрылымы – тектоникасы жағынан көне теңіздер мен көлдер басып жатқан ойыстармен қоршалған үштік таған тау болып есептеледі. Тік жыраларды – шыңқыларды – кей жерлерде үстірттің ежелгі жағалары деп те қарауға болады. Үстірттің шығыс шетінде террасалар табылды. Үстірттің кеңістігі тым құрғақ, жауын – шашынның жылдық мөлшері 100мм-ден аздап қана артады. Үстірттің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Солтүстік, қыратты бөлігіне шөлейттің белгілері тән және көбінесе карбонатты қоңыр топырақпен жабылған. Оңтүстікке таман созылып жатқан «сор» алабының топырағы кеуек, жетілмеген, оны ішінара әр түрлі сұрғылт топыраққа ауысатын топырақ болып жатыр. Орталық және оңтүстік аудандар – сортаңдау гипсті қиыршық тастылау сұрғылт топырақ басқан шөл. Үстірт үстіртінде сораңқы және жусанды шөл тараған, онда жартылай бұта өсімдіктер көп те, бұта және ағаш өсімдіктері – қара сеуілдер өте аз. Микрорельеф өсімдіктердің таралуына тікелей әсер етеді.
Abai.kz