Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2224 1 пікір 12 Ақпан, 2024 сағат 16:08

Мысыр Израильге қатаң ескерту жасады

Фото: Ahmed Zakot

Каир егер израиль әскері Газа секторындағы Египетпен шектесетін Рафах қаласына кіріп келсе, Израильмен бейбіт келісімді тоқтатамыз деп сес көрсетті. Бұл туралы Associated Press мәлімдеді.

Кэмп-Дэвид келісімді тоқтату сесі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС тобына қарсы төрт айға созылған соғыста жеңіске жету үшін Рафахқа әскерлерді кіргізу мүмкіндігін айтқаннан кейін болды.

Израиль әскері құрлық операциясын бастағаннан кейін Газа секторында тұратындардың жартысы Рафакқа қашып барған. Ол жақта палестиндердің көбі Египетпен шекараға жақын жердегі шатырда тұрып жатыр.

Израиль премьер-министрі ABC News телеканалына берген сұқбатында Рафахтың қарапайым тұрғындары солтүстікке көшіп кете алатынын, ол жақта ХАМАС-тан тазаланған аймақтар бар екенін айтқан.

Былтыр 7 қазанда ХАМАС содырлары Израиль аймағына шабуыл жасап, 1200-ге жуық адамды өлтіріп, жүздеген адамды тұтқынға алған. Олардың жартысы босатылды.

ЦАХАЛ Газаға соғыс жариялап, әскери операциясын бастаған. Газаның Хамас бақылайтын денсаулық сақтау мекемесі 28 мыңға жуық адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Жарақат алғандар саны 67 мыңнан асты. Газа секторының 80% жер аударуға мәжбүр.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1354
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2928
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1004
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 940