Жексенбі, 24 Қараша 2024
1178 0 пікір 14 Ақпан, 2024 сағат 13:56

Жер сілкінісінен кейін жер үйлердің бағасы қымбаттады

Сурет: ашық дереккөзден алынды

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін қалада биік қабатты үйлердің бағасы түсіп, жеке сектордағы үйлердің бағасы қымбаттап кетті. Бұл туралы Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтты, деп хабарлайлы Abai.kz.

«Жер сілкінісінен кейін жеке сектордағы нысандарды сату мен жалдауға қызығушылықтың біршама артқаны байқалды. Осының аясында кей адамдар бағаны аздап көтерді. Бірақ, мұндай қызығушылық мәмілелерге еш әсер етпеді. Бұл жайт үй мен пәтер бойынша мәмілелер құрылымындағы үлестің қайта бөлінуіне айта қоярлықтай әсер етеді деп айта алмаймын», — деді ол агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Нинаның айтуынша, жер сілкінісінен кейін үй-жайлардың қауіпсіздігін тексеру мәселесі қазіргі таңда өзекті болып отыр.

«Жер сілкінісінен кейінгі алаңдаушылық тұрғын үйлердің немесе ескі тұрғын үй қорының қауіпсіздігі, үйлердің тектоникалық опырылу қаупі бар аймақта орналасуы, ғимараттардың беріктігі сынды мәселелерді талқылауға қарай ойысты. Дегенмен, сарапшылардың сендіруінше, үйлер аймақтың сейсмикалық қаупі ескеріле отырып салынады. Құрылыс барысында қажетті өлшемшарттар сақталады. Яғни, алаңдауға еш негіз жоқ», — деді Нина Лукьяненко.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627