Сәрсенбі, 23 Сәуір 2025
Билік 1392 0 пікір 14 Ақпан, 2024 сағат 16:06

Президент Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды.

Қазақстан Президентін Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 14 ақпан күні Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2158
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5044
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4284