Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 11793 21 пікір 15 Ақпан, 2024 сағат 15:32

«Орыс әлемі» өгіз аяңмен Өзбекстанға да жетті ме?

Коллаж: Abai.kz

Шерзод Кудратхужаев – Өзбекстандағы танымал адамдардың бірі. Ол ‑ Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры, Өзбекстанның бұқаралық электронды және коммуникациялары ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы.

Сол Шерзод ака кешелі-бері К.Маркс айтты деген: «Өзі тұрып жатқан елдің тілін екі адам білмейді: бірі – оккупант, екіншісі – ақымақ», - деген сөзді айтамын деп басы дауға қалып отыр.

Оның осы сөзін Ресей үкіметі өте ауыр қабылдады. Ресей Сыртқы Істер Министрлігі шұғыл түрде: «Ш.Кудратходжаев  өте жағымсыз сөздерімен екі халықтың арасына от жағуға ұмтылды», - деп мәлімдеме жасады.

Одан әрі РФ СІМ былай деп мәлімдеді:

«КСРО құрамында болған Өзбекстан өндірісі мен ауыл шаруашылығын, ғылымы мен мәдениетін қарқынды дамыта алды. Бүгін де Өзбекстан тәуелсіз мемлекет ретінде Ресеймен өзара тең дәрежеде, өзара құрметке негізделген қатынас орнатты. Сондықтан, біз Ш.Кудратходжаевтың сөзін Өзбекстан халқы қолдамайды және ол сөз өзбекстандықтардың жалпы көңіл күйін білдірмейді деп сенеміз», - деп, 14 ақпанда Өзбекстанның Ресейдегі елшісі Ботиржан Асадовты СІМ‑ге шақырып алып, қолына арнайы НОТА тапсырды.

Одан әрі Ресей СІМ Министрлігі: «Егер ол жерге «окупанттар» барған болса, Өзбекстан мұндай жетістіктерге жете алмас еді», - деп нығыздап қойды.

Оған Ш.Кудраткожаев былай деп жауап берді:

«Иә, 1966 ж. жер сілкінісінде Ташкент қатты қирады. Оған «көмекке» Рессейден, Белоруссиядан, Украинадан өте көп сотталғандар келді. Олардың басым бөлігі со күйі Өзбекстанда қалып қойды. Мысалы, со кезде Ташкент қаласында тұрғын саны жер сілкінгенге дейін 300−400 мың адам шамасында еді. Содан кейін оның саны күрт өсіп, миллион адамға жетті. Содан бері 60 жылдай уақыт өтті. Ал сол кездері келгендер әлі де өзбек тілін үйрене алмады», ‑ деді.

Оған Россотрудничество төрағасы Евгени Примаков былай деп жауап қатты:

«Ш.Кудратходжаев «Ол русофоб, ата‑анадан дұрыс тәрбие алмаған жәй бір сөзқуар». Ол бізден бас иіп кешірім сұрамайынша, біз онымен және ол басқаратын орталықтармен бірге жұмыс атқарудан бас тартамыз», - деді...

Алайда, өткенде ғана, 2023 ж. қараша айында Өзбекстан СІМ‑гі Ресейдің Өзбекстандағы елшісі Олег Мальгиновты өзіне шақырып алып, ескерту жасаған болатын. Онда «Справедливая Россия» партиясының өкілі, жазушы Захар Прилепин «Ресейге жаңа территорияларды қосып алу керек. Соның ішінде, әсіресе, бізге өбірек келіп жатқан гастарбайтерлер елінің жерін» деген сөзі даудың басы болған болатын.

Ол кезде Ресей СІМ‑гі: «Ой, сол да сөз бе екен, Прилепиннің айтқаны оның «жеке пікірі, мемлекеттің емес», - деп сырғыта салған еді.

Енді, міне,Ресейліктерге «Шерзодтың сөзі сөз‑ақ екен» дегендей болып қапты...

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383