Жексенбі, 24 Қараша 2024
1325 3 пікір 15 Ақпан, 2024 сағат 16:15

Конгрессте АҚШ қауіпсіздігіне қатер бары айтылды

Сурет: centralasian.org

АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатасындағы Барлау істері бойынша комитет басшысы Майк Тёрнер президент Джо Байден әкімшілігін елдің қауіпсіздігіне қатер бар екені жөніндегі мәліметті ашық талқылауға шақырды.

Осының алдында Тёрнер Конгресстің барлық мүшелеріне хат жөнелтіп, Барлау істері бойынша комитетте аты аталмаған елдің "әскери мүмкіндіктерді тұрақсыздандыру ықтималдығы" туралы жасырын мәлімет бар екенін білдірді.

CNN телеканалы өз бұлақтарына сүйеніп, бұл мәлімет Ресейге байланысты болуы мүмкін екенін хабарлады. Дереккөздің бірі бұл "өте сезімтал мәлімет" екенін айтып, ол жөнінде жақында ғана белгілі болғанын және алаңдаушылық білдіріп жатқанын жеткізген.

Politico басылымының журналисі Алекс Уорд Өкілдер палатасындағы Барлау комитетінің үш мүшесіне сілтеме жасап, конгрессмендер бұл ақпаратқа расында алаңдаушылық білдіріп жатқанын, бірақ бұл шұғыл дағдарыс емес, ұзақ мерзімді қауіп жөнінде болып жатқанын білдірген.

Тёрнердің мәлімдемесінде президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Джейк Салливан 15 ақпанда комитет басшыларымен кездеседі деген.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5629