Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
1827 1 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 16:09

Биыл 1 306 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Коллаж: informburo.kz

Жыл басынан бері 1 306 этникалық қазақ отанына оралып, қандас мәртебесін алған.

Олардың жартысына жуығы яғни, 48,9 пайызы Қытайдан, 29,6 пайызы Өзбекстаннан, 8,3 пайызы Моңғолиядан, 4,4 пайызы Ресейден, 7,3 Түрікменстаннан қоныс аударып отыр, деп хабарлайды Abai.kz 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Қалған 1,5 пайызы өзге де елдерден көшіп келген.

Ресми дерекке сәйкес, қоныс аударушылардың еңбекке қабілеттісі 56,2 пайызды құрайды. 33,6 пайызы – балалар, 10,2 пайызы – зейнеткерлер. Ал, жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 129 мың 600 қандасымыз оралған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1497
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3112
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1105
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1033