Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
2097 0 пікір 21 Ақпан, 2024 сағат 17:24

Аяздың қайтатын түрі жоқ

Сурет: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше 22-24 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райы сақталады.

Солтүстіктің салқын ағындары әсер еткен кең ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аязды, желсіз ауа райы сақталатынынан хабар береді. Ал айдың соңына қарай болжам әлі жарияланбаған.

"Ал оңтүстік циклонның ықпалында тек оңтүстік, орталық және шығыс өңірлер болады. Ол өзімен бірге жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, желдің күшеюі мен қарлы боран әкеледі. Алайда циклон оңтүстіктен болса да,біздің аймаққа айтарлықтай жылу әкелмейді", – деді синоптиктер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1561
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3176
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1167
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1085