Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
1996 0 пікір 22 Ақпан, 2024 сағат 15:58

Газа секторына азық-түлік тарату тоқтатылды

Сурет: www.wsj.com сайтынан алынды

Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Газа секторына азық-түлік таратуды тоқтатты.

 Синди Маккейн мұндай шешімнің қабылдануына сектор тұрғындарының бағдарлама қызметкерлеріне жиі шабуыл жасап, қарақшылықтың жиілетуі себеп болғанын хабарлады.

Бағдарлама мәліметінше, жексенбі күні босқындарға азық-түлік таратуға келе жатқан жүк көліктерге Вади-Газа кеден бекетінде оқ атып, бір топ аш адам қоршап алып, жүкті тонауға талпынған. Дүйсенбі күні жүк көліктерінің тағы бір көшін жолда тоқтатып, тонап кеткен. Зардап шеккендер де бар. Азық-түлік үлестіріп жатқан уақытта да адамдар жиі төбелеседі, делінген жоба мәлімдемесінде.

БҰҰ бағдарламасы Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауларында 1,4 миллионға жуық палестиналыққа гуманитарлық көмек беріп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1058
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993