Интернет-конференция: Есен Елеукен (жалғасы)
Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы – Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен оқырмандардан келіп түскен сауалдардың жауап беруін аяқтап отыр. Есен мырза «Жайдарманды» сынаушылар жайлы айта келіп: «Жайдарман арқылы жастарға дөрекілік пайда болып жатыр деген сөз «Жайдарманды» көрмеген немесе көргісі келмеген яки көре алмайтын адамнан шығатын секілді. Егер нағыз әдепсіз жасты көргіңіз келсе, көшеге шығыңыз. Болмаса, әлеуметтік желіде бір-бірімен салғыласқан жастардан көзіңіз сүрінеді. Ал «Жайдарманның» ісі дарынды жастарды сол жерге мойын бұрғызбай, еліміздің түпкір-түпкіріндегі өзінің замандастарымен танысуға, қауышуға мүмкіндік беру» дейді.
- Есен, осы КВН жігіттері айтатын әзілді сараптамадан өткізетін біреу бар ма? Көп жағдайда жастардың ойыны бос айқай, далбаса күлкі. Өздері шулап өздері мәз болады. Сондай-ақ, қит етсе болды тепсе темір үзетін жігіттер қызтеке болып майысып шыға келеді. Бұл не сонда насихат па? Масляковтың КВН-ы салмақты, саяси әрі адам тартады. Осыны ескеріп жөндегеніңіз дұрыс болар.
- Бұл туралы алдыңғы жауаптарда айтылып кеткен, қайта жауап беруді жөн көрмей отырмын.
- "Жайдарманның" жұлдыздары деп кімдерді атар едіңіз?
Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы – Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен оқырмандардан келіп түскен сауалдардың жауап беруін аяқтап отыр. Есен мырза «Жайдарманды» сынаушылар жайлы айта келіп: «Жайдарман арқылы жастарға дөрекілік пайда болып жатыр деген сөз «Жайдарманды» көрмеген немесе көргісі келмеген яки көре алмайтын адамнан шығатын секілді. Егер нағыз әдепсіз жасты көргіңіз келсе, көшеге шығыңыз. Болмаса, әлеуметтік желіде бір-бірімен салғыласқан жастардан көзіңіз сүрінеді. Ал «Жайдарманның» ісі дарынды жастарды сол жерге мойын бұрғызбай, еліміздің түпкір-түпкіріндегі өзінің замандастарымен танысуға, қауышуға мүмкіндік беру» дейді.
- Есен, осы КВН жігіттері айтатын әзілді сараптамадан өткізетін біреу бар ма? Көп жағдайда жастардың ойыны бос айқай, далбаса күлкі. Өздері шулап өздері мәз болады. Сондай-ақ, қит етсе болды тепсе темір үзетін жігіттер қызтеке болып майысып шыға келеді. Бұл не сонда насихат па? Масляковтың КВН-ы салмақты, саяси әрі адам тартады. Осыны ескеріп жөндегеніңіз дұрыс болар.
- Бұл туралы алдыңғы жауаптарда айтылып кеткен, қайта жауап беруді жөн көрмей отырмын.
- "Жайдарманның" жұлдыздары деп кімдерді атар едіңіз?
Жалпы әртістен, өнер адамдарын ан «жұлдыз» жасау көрерменнің көзқарасынан туындайды. Ал оларға бағыт сілтеуші болғандықтан, олардың бәрі бірдей көрінеді. Өйткені олар көз алдымда өсіп келеді ғой.
- Осы Талдықорғанның командасы неге нашар? Талдықорғанның жастарына ешкім дұрыс көңіл бөлмейді ме, әлде, ол қаланың жастары әзілді ұмытып қалған ба?
- Сөзіңіздің жаны бар, тек Талдықорған емес, еліміздің біраз аймақтарында әзілдері солғын болып жатыр. Бірақ қозғалыс бар. Мысалы, соңғы екі жыл бойы Талдықорған қаласында «Жетісу» аймақтық лигасымен қатар, облыс және қала әкімдері атындағы сайыстар өткіздік. Алдағы маусымдарда мықты өнерпаздарды көріп қалуымыз ғажап емес.
- Жайдарманның жастарға тіл мен әзілді, саясатты аңғарып, игеруіне пайдасы бар ғой. Оған неге мемлекет грант бермейді. Білім министрлігі мен Мәдениет министрлігі жастарға қарақшы жағу мен мүшеқап таратуға қыруар қаржы береді ғой. Әлде Есен, сіз пара бермегесін ештеңе бермей ме?
- Биылғы жылы алғаш рет ҚР Білім және ғылым министрлігі «Жайдарман» сайыстарын қолдау мақсатында қаржы бөлді. Жалпы биыл «Жайдарманмен» тығыз байланыс орнатуға мемлекеттік органдар мүдделі боп отыр. Мысалы ҚР Президенті жанындағы Жастар Кеңесі, Білім және ғылым министрлігі жанындағы жастар комитеті мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарымен меморандумға қол қойдық. Алдағы уақыттарды олар біздің жасаған шараларға қолдау көрсетіп отыратын болады.
- Есен, қайда туып, қайда өстіңіз?
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз кеңшарында дүниеге келіп, сонда өстім. Және әлі күнге «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйері екенімді айта кетсем артық болмас...
- Қазылар мүшесін алмастырып отыруға болмай ма? Ішіне егде кісілерді де ара-тұра отырғызып дегендей. Сонда бала-шағаның ойнағы ретінде қабылданбай, КВН байсалды қабылданар еді.
- Сұрағыңыздың жаны бар. Әрине, Жайдарманның деңгейі өсіп келе жатқаны қазір көзіқарақты кісіге белгілі. Бұрын ол туралы жастар мен жасөспірімдер ғана әңгімелейтін болса, қазір егде жастағылар да талқылай бастады (айтпақшы, осы конференциядағылардың сұрақтары да дәлел бола алады). Демек, біз олардың да көңілінен шығуымыз керекпіз. Сондықтан сіз айтып отырған жай жоспарымызда да бар. Тіпті қазірдің өзінде Жоғары Лига ойындарында елімізге танымал, тұлғалық келбетін қалыптастырған азаматтар қазылық етеді. Енді басқа лигалардың да кезегі келер.
- КВН-шыларды жіктеп сипаттап берсеңіз: негізінен қандай жастар бұған үйір? Қылжақбастар ма, әлде әзілкеш шығармашылдар ма?
- Бұлай деп кесіп айту қате. Жайдарманда жүз мыңнан астам жастар өнер көрсетеді. Ал осынша адамды тек әлгі айтқан екі «сортқа» бөліп тастауға бола ма? Бізде мектепті «Алтын белгіге» бітірген жастар да, түрлі олимпиадалардың жүлдегерлері де бар. Ал жеке қасиеттеріне келсек, қалжың мен әзілді түсіне білетін жастар көбірек келеді. Ал бұл қасиеттер кез келгеннің бойынан табыла бермейді.
- Осы Мәди Манатбек қазылар алқасында төраға еді ғой, қайда кетті?
- Мәди Манатбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты қазылықтан қол үзді. Бірақ «Жайдарманмен» ат құйрығын кесіскен жоқ.
- Орыстың КВН да Путинді ойнап жатса, залда Путин бір езулеп күліп отырады. Бізде көз жетер жақын арада осындай болуы мүмкін бе?
- Үмітіміз бар. Жоғары да айтып кеткенімдей, еліміздің жастар саясатына жауапты тиісті басты органдар бізбен меморандумға қол қой. Ал ол нені білдіреді? Демек, «Жайдарман» мемлекеттің жастар саясатын жүргізуге үлкен үлес қосып отырғанына көздері жетіп отыр деген сөз. Демек, біз халыққа жай ғана күлкі сыйлап қана қоймай, еліміздің дамуына атсалысып отырған ұйымбыз деп айтуға толық негіз бар. Кемшілік жоқ емес, Алла жазса, деңгейімізді өсіріп, біраз жетіліп, кемелімізге келген кезде, сіз айтқан сәт келетін болады.
- Тағы мынадай сөз бар, қай елдің басшысы сатира сахнасында көрсетілсе сол елде демократия.
- Қосылуға болады. Бірақ нақты емес. Демократия патшаны әжуалауды, немесе кекетіп, болмаса мақтаумен өлшенбейді. Нағыз демократия әр азамат өз құқығын білетін кезде ғана болады деп есептеймін.
- Есен, осы сендер өздеріңді кім деп санайсыңдар? Болашақ зиялы атанатын өнер майталмандарының қатарына жетіп қалған ел ағалары, мәдениет қайраткерлері т.с.с. Елге қызымет етіп жүрміз, қазақ өнерінің дамуына үлес қосыушыларымыз, жас буын дайындау жолында жүрміз - деп ойлайсыңдар ма?
- Жоғары да айтып өттім. Біз ресми түрде жастар саясатын жүргізуге үлес қосқан және қоса беретін ұйымбыз деп есептеймін. Осы кезге дейін үкіметтің қаржысына көз сатпастан, өз ісімізді жалғастырып келеміз. Біреуді алдап арбап емес, әр баланың қарым-қабілетін дамытып, жұрт алдында көрсетуге септігімізді тигізіп келе жатқанымызға қуаныштымын. Өзгелерге тіл тигізгім келмейді, бірақ мемлекеттен қаржы бөлінгені үшін құрылып, қалтаға басқасын құмға сіңгендей болатын қозғалыс, ұйымдар қаншама...
- Сендер ауылдан шыққандар боларсыңдар, ауылдың жағдайын білесіңдер ме? Жалпы қазақы таным, салт-санасынан хабарларың бар ма? Олай дейтін себебім, күні кеше осы Абай ауылында «Қазақстан» арнасы көрерменіне неге жұмыртқа лақтырды? деген мақала шықты. Онда сендердің үзеңкілестерің - Қоянбай көрерменге жұмыртқа лақтырды. Жалпы ас киесі дегенді білесіңдер ме? Ауылда жұмыртқа алып жеуге де жағдайлары болмай отырған от басылар көп қой. Ал телебезерде мыналар шырт киініп, қос тілде қисаңдап, ырбаңдағандары кімге дәрі? Ондай ойын таяз ойлы біреулер мен саналары қалыптасып болмаған жастарды ылықтыруға ғана арналған болар? Мақсат сендерде сол ғой. Қазақы таным-сенім демекші, аспен ойнауға болмайды - дегенді мыналар білмейді ме? Бүгін қояндар жұмыртқаны тағы жарды ғой қауашақ бастарына. Журналистердің жазғандарын оқып, сәл тәлім алып, қортынды шығаруға болмайды ма? Әлде ерегіс тұр ма? Ерегіскенде нелерімен қорғана алады? Жер дөңгелек-дүния кезек - деген, ұлттық тәлімге ешкім қарсы тұра алмайды. Асты сыйласын да. Екіншіден жұмыртқа - бір тіршіліктің ұрпақ жалғастығы. Оларда да тек азғандары іске жарамайды, ал мыналар сол - Шіріген жұмыртқа болуға құмартпасын. Көпшілік көзінше жасалған іс - бәрімізге қатысты. Ырымдары жаман екен. Жалпы бұл жазғандарыма жауап қайтармай-ақ қой. Айтарым - істерің іс емес, сендердікі - Аттракцион. Ел дегенді ойлайтындар шамаларынша жастарды елдікке қарай тартуға тер төгіп жүрсе, сендер оларды ездік пен жеңілтектікке тәрбиелеп жатырсыңдар. Сендермен қос қабат сол экранды пайдаланып уахабтар жастардың саналарын улап, қаншасының обалдарына қалды? Ал сендердің еңбектеріңнің "жемістері" қазақ қыздарының арын таптату ғой. Қарасыңдаршы, «Видеоклип с голой казахской девушкой набрал бешеную популярность в интернете». Нур. кз. Бір сілімтіктер осылай қылыпты. Желпінту, желіктіру арзан ойыннан басталады. Ол ойын сайтаннан. Қай арнаны ашып қалсақ, әзәзіл кейіпті сол баяғы бір топастар, күнде-күнде қисаң-қисаң. Арсыз, арзан нәрселер.
- Жалпы сіз айтып отырған тілбезердің құлағын ұстап тұрған мен емеспін. Біз өзіміздің жұмысымызды телеарналарға яғни жұртшылыққа ұсынамыз. Ал қалған сөздеріңіз жай ғана эссе секілді. Менің тарапыма бағытталмағандықтан, әдірістен жаңылған боларсыз деп қоя салдым. Ал егер ұлттық тәрбиені тек жайдарман ғана береді деп сенсеңіз, онда ұлт туралы сіздің ойланбай-ақ қойғаныңыз абзал. Өйткені өз балама «Жайдарман» басшысы ретінде емес, әкесі ретінде тәрбие беруді парызым деп білем.
Жаушы
- КВН деген атын қазақшалауға болмайтын ба еді? (Клуб веселых и находчивых), қазіргі "Жайдарман". Ал ауылдыңбаласыныңқалағакелгендегі "надандығын" мазақтапкүлдіру, сосынкемпір-шал бюолыпшығып, қарттардыңаңғалдығынкелемеждеу, сосын ер жігіттіқызетіпкиіндіріп, майыстырып, бұраңдатып "Қызсынын" өткізужәнееркектікиіндіріп "долы, көкбет, шайпау қ*атын" рөлінде сахнаға шығару – бұл баяғы "Тамаша" отауынан мұраға қалған қарғыс атқыр тапқырлықтар. "Тамаша" театрының ең "сүйікті" нөмірлері жасық, жуас, бейшара күйеу мен оны алдына салып айдап жүретін, долы әйелді қайта-қайта көрсете беру болатын.
Бүгінгі "Жайдарман" баяғы сол қарғыс атқан коммунистік заманның төл перзенті "Тамашаның" сорақылықтарынан арылып, бірте-бірте ұлттық сипат алар деп ойлаймын. Себебі, қазіргі, бүгінгіжастар, өздерінің әке-шешелері мен ата-әжелеріне қарағанда әлдеқайда ұлтшыл, әлдеқайдатәрбиелі, әлдеқайда діншіл (иманшыл) және оның үстіне білімді екені ақиқат қой.
"Әйел теңдігін" ту еткен коммунистер заманының әзілкеші "Тамашада" ер азаматты әйел етіп киіндіріп, жанұяда әйелінен таяқ жеп жүретін бір бейшара етіп көрсетіп қорлау дәстүр еді .Ссоны көрген әйелдердің айызы бір қанып қалатын, үйіндегі күйеуінің басына әңгір-таяқ ойнатып, сондай болуға ұмтылатын. Мүмкін, күлкіге қызық болар, алайда ұлттық тәрбиелік сипаттан жұрдай болатын Кеңестік "Тамаша". Қазіргі жастардың "Жайдарманы" мен КВН-ы ондайларды қайталамаса екен. Қазіргі жастар ұлттық, қазақы тәрбиені бойына жақсы сіңіргенін күнделікті өмірде әр күн сайын көріп жүрміз. Орыстаныпкеткенәке-шешелеріңнің, кәпірленіпкеткената-әжелеріңнің қателіктерін солай түзетіңдер.
Бүгінгі күні жастар аудиториясымен жұмыс істеп жүрсіз. Жайдарман қозғаушы күш есебіне енді. Бірақ дәл осы КВН-нен шыққан жеңіл әзіл, бос сөз, бейәдеп пен дөрекілік жастардың аузында жатталып, онсыз да орамын таппай тұрған өз тілін одан әрмен шұбартып жатыр. Құр сөз емес, мысал келтірейін. Көрініс: "18 ғасырда да сауна болған, тамашалайық деп таныстырды. Содан екі жігіт қазақтың ұлттық киімін киіп алған, етегін көтеріп алып ары-бері жүгіріп жүр, бастарында сәукеле. Ал осының қай жеріне қай жерімізді ашып күлейік. Ойын арзан күлкі қымбат дейді һакім. Қолда бар қозғаушы күшті қолдана отырып неге ізгілікті істер атқармасқа. Бүгінгі өзекті мәселелерді ит болып тек журналистер ғана айтып жүр, зиялы қауымның қызметін атқарып. Сахнада қайдағы жоқты көкігенше, астарлап тұрып көп жайтты айтуға болады. Ұлттық арнадан көрсететін дәрежеде болсыншы, сынды қалыпты қабылдайсыз деп сенемін, Есен мырза!
- Сынды дұрыс қабылдаймын. Айтқаныңыз орынды, бірақ егер Жайдарман арқылы жастарға дөрекілік пайда болып жатыр деген сөз «Жайдарманды» көрмеген немесе көргісі келмеген яки көре алмайтын адамнан шығатын секілді. Егер нағыз әдепсіз жасты көргіңіз келсе, көшеге шығыңыз. Болмаса, әлеуметтік желіде бір-бірімен салғыласқан жастардан көзіңіз сүрінеді. Ал «Жайдарманның» ісі дарынды жастарды сол жерге мойын бұрғызбай, еліміздің түпкір-түпкіріндегі өзінің замандастарымен танысуға, қауышуға мүмкіндік беру. Егер олар жетістікке жеткісі келсе, көшедегілерге мойын бұруға да шамасы келмейді. Себебі алда финалдар күтіп тұр... Өзінің көрермендері тосып отыр.
- Қазақ тапқырларының жалпы саны қанша? Қанша команда бар? Қай облыс, қалада жоқ? Қанша жанкүйер, көрермені бар?
- Әрине, біздің етек-жеңімізді жинап, енді еңсе көтеріп келе жатқандықтан, арнайы мониторингтік есеппен, нақты санын шығару қиындай. Әйтсе де өзіміздің есептеуімізше шамамен 1000 ға жуық Жайдарман топтары бар. Мысалы биылғы «Маусымашар» фестиваліне 212 команда келіп, 259 топ тіркелді. Бұлар тек арнайы біріншіліктерге қатысқандары ғана. Барлық облыс орталықтарымен еліміздің ірі қалаларында филиалдар мен өкілдіктер жұмыс жасайды. Біраз аудан орталықтарында да өкілдіктер бар. Соларды есептегенде Жайдарманмен жүз мыңға тарта жастар айналысады деп сеніммен айтуға болады. Ал көрермендерге келсек, телекөрсетілім бойынша рейтингте алда тұрмыз.
- Жайдарманшыларға арнайы тақырып беріле ме? Болмаса ұсыныла ма? Тыйым тақырыптар бар ма? Біздің жайдарманшылар ауыл-аймақтан ұзап, ірі тақырыптарды қаузау үшін не істеу керек?
- Маусымның басында жалпы тақырып бекітіледі. Бірақ Жайдарманның негізгі мақсаты әмбебаптық болғандықтан, әр ойынға осы тақырыпта ғана ойнайсың деген талап қоймаймыз. Әрине тиым салынған тақырыптар да бар. Өйткені қанша жан жақты боламыз десек те, заңнама бар, өзіміздің менталитет бар. Сондықтан олай болуы заңдылық. Сонымен қатар саясат секілді ірі тақырыптарды қозғау қиындыққа соғады. Себебі ол үшін оқу керек, іздену керек. Ал мұрты енді тебіндеп келе жатқандардан оларды талап ету мүмкін емес.
- Қаржыны қайдан алып жүрсіңдер? Осы КВНшілерге азын-аулақ жағдай жасағандарды атап, мақтап жатасыңдар, олай етпесе бас тарта ма олар? Ресей КВНі ол дәуірден өтіп кетті. Путин арнайы сарай салып берді, бізде Иманғали ондай сарайға жер беруге ыңғай танытпады ма? Бәлкім, демеушілер табылып, сарай салуға да болар...
- «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші, демеушілеріміздің атын айту парызымыз ғой. Оның үстіне кейбірі коммерциялық ұйымдар, демек олар өздеріне жарнама жасау үшін де демеуші болады. Ал сарай мәселесіне келсек, әзір көшпенді бола тұрамыз. Бұйырғаны болар. Жоғарыда айтып өткендей, біз коммерциялық мақсатты көздеген қозғалыс емеспіз, өзіміздің жанымыз сүйер жобаны қолға алдық. Енді ғана мемлекеттің көзқарасы түзеле бастады. Демек, үмітіміз жоқ емес.
- Былтырдан бастап "Жайдарманда" саяси әзілдер көбірек ойнала бастады. Кейде жайдарманшылар шектен шығып кететіндей көрінеді. Қалай ойлайсыз, Жайдарманда жаппай саяси әзіл айту үрдісі жүріп жатқанжоқ па?
- Шектен шықпайды, олар сахнаға шықпас бұрын толық редакторлық сүзгіден өтеді. Меніңше артығы немесе тыртығы болмаған секілді. Жалпы саяси ойнау үшін біраз іздену керек. Ал «кәрісі» небары 22-23 жасар жайдарманшыға саяси мәселені жоғары деңгейде жеткіз деп талап ету орынсыз. Ең бастысы хабардар болуы.
- Премьер-лиганың жартылай финал ойындары кезінде "Алғабас" командасы тарихи оқиғаны әзілмен әдемі жеткізді. Жайдарманда осындай сәттерді көбірек жеткізуге қалай қарайсыз? Бәлкім, осы арқылы жастардың санасына өткен тарихымыздан хабар берерміз.
- Егер сәтті шығып, көрермен жүрегінен жол тапса, ол әзілді шектемейміз ғой. Ол жайдарманшылардың өз шеберліктеріне байланысты.
- Есен, сені қазақтың Масляковы депатайтындар бар. Осымен келісесіңбе?
- Жоқ, келіспеймін. Қазақтың қарадомалақ баласы Есен Елеукен болсам да жетеді.
- Қазақ КВН-ін жаңа деңгейге көтеру үшін не істеу керек?
- Жұмыс істеу керек. Еңбектену керек. Көрермен дұрыстап тұрып сынау керек. Жамандау туралы айтып тұрған жоқпын. Кейбіреулер өз баласы бірдеңе бүлдірсе, әлі жас қой дейді. Ал сонымен құрдас жастар ойнайтын Жайдарманнан тәлім берер дүние күтеді. Егер, биік деңгейден көргілеріңіз келсе, айналаңыздағы жайдарманшыларды тауып, оларға бағыт сілтеңіз. Алдындағы бұлар қате, мынаны ойнаңдар деп кеңес беріңіз. Ал оған кежегеңіз кері тартса, жамандап-ақ отыра беріңіз, амал қанша?!
- Жасұландықтармен өткен ара жалғасын табады ма? Ол үлкен шара. Жаңа толқынның аяқ алысына үлес қосқан болар еді...
- Әрине, бұл жоспарланып қойылған дүние. Енді жыл сайын өткізілу көзделуде
- Жайдарманда қай облыс мықты?
- Негізі мықтылықтың географиясы өзгеріп тұрады. Осыдан төрт-бес жыл бұрын оңтүстіктегілердің қарқыны мықты болаты. Қазір батыс өңірі жайдарманшыларының аты озып тұр. Шығыс Қазақстандықтар да осал емес.
- КВН орысша ғой. Қазақша КТК (көңілділер тапқырлар клубы) деуге болмай ма?
- «Жайдарман» деген атпен шығып жүргенімізге 2 жыл болып қалды. Сонымен қатарwww.kazkvn.kz деген сайтымызды да www.jaidarman.kz деп ауыстырып қойдық. Бұл сайттың ерекшелігі оқырманның өздері де мақалаларын жаза алады. Кіріп, өз пікірлеріңізді білдіре беріңіздер.
- Бауыржан Ибрагимов сынды «зиялы» қауым өкілдерінің КВН жайындағы пікірлері туралы не ойлайсыз?
- Орынды пікірлерді әрине, қабылдаймыз. Бірақ Бәкеңнің актер мен жайдарманшыларды салыстырып сөйлеуі мүлде дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі актер өз мамандығымен кәсіби түрде айналысады. Сонымен күн көреді. Яғни жұмысы. Ал жастар Жайдарманда тек мектеп немесе студент кезінде ғана ойнайды. Содан соң өз бағыттарына бұрылады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде жалған әншілер қаптап кетті, бірақ күміс көмейлердің дәрежесі тоқырапап қалған жоқ қой. Қайта « МузАрт» секілді таланттардың халық ықыласына бөленіп жүр. Демек, өнерсіздер қаптап кетті десе, шын өнерімен солардың арасынан суырылып шығу керек. Өйткені өмір бәсеке, шаң қауып қалғың келмесе тоқтама. Басқаша айта алмаймын. Өйткені адамның еңбегін бағалау керек, ал оның ісі сапасыз ба, онда сапалы жоба арқылы өз ісіңнің биік тұрғанын дәлелдеуге тиіссің...
- Реесей Федерациясының Президент сайлауында В.В.Путин үгіт-насихат шараларына КВН-ның белді тұлғаларын шақырды. Осы секілді ерекше дерліктей ұсыныстар болды ма?
- Жоқ болған жоқ. Мүшелге енді толған Жайдарман біздің саяси элита үшін аса танымал емес.
- «Жайдарманнан» шаршаған кезіңіз болды ма?
- Жастармен жұмыс жасаудан шаршамаймын. Өйткені адам жаны сүйетін жұмыстан шаршаудың өзінен ләззат алады.
- Есен Аға, егер, Қазаққа деген титтейде болсын құрметіңіз болса, "Жайдармандарыңызды" телеарнадан көрсетуді доғарыңыздар. Финал, анау- мынау дегендеріңізді өткізе беріңіздер, керек адамдар барып көре берсін, дискке басып шығарыңыздар, қызыққандар алып қарай берсін, тек телеарна арқылы көрсетпеңіздер. АЙТЫС және өзгеде Қазаққ қажет дүниелер көрсетілмей жатқан экранда "қайдағы жоқ біреулердің" тайраңдап жүргені жанға батады екен. Қазақты қорлауды доғарыңыздар. Онсызда Қазақты мазақ етіп жатқандар аз емес. Сөз мәйегін ұғар адамсыз ғой, Аға.
- Міне, мені дәл осындай сөздер шаршатады. Істерге ісі жоқ, тек клавиатура мен ауызына ғана әлі келетіндер ғана жолыма кедергі. Әйтпесе, халыққа тиер пайдасы болмаса, әлдеқашан тоқтатып тастар едім немесе тоқтатып тастар еді. Отандық түгілі шетелдік телеарналарда «хит» боп жатқан «жиһадшыларды саяхатына» көңіліңіз құлазымай, жастардың өнер көрсетуіне қарсы соққан жүрегіңіз елім деп еңірейді дегенге сену қиын. Дұрысы, жөнді жұмыс жасап, телеарнаға өз жобаңызды ұсыныңыз, болмаса өз еңбегімен танымал болған жастарға деген пікірді көрсетпесеңіздеген тілек. «Ілгері кеткен жасты, кері кеткен кәрі тоқтатады» деген...
- «Жайларманды» іздеп отырып көреміз, жақсы.
- Рахмет! Жасаған еңбегіміз адамдарға титтей де қуаныш сыйлар болса, теріміз ақталды деген сенімдемін.
- Әкімдерді сынға алу әр кім өз жерінің кемшіліктерін сатираға ұтқыр оймен жеткізу жағы жоспарланса, нұр ұстіне нұр болар еді.
- Әрине, ұтқырлық барлық кезде керек. Ол үшін тек қана еңбек...
Соңы
Abai.kz