Барахолка тағы да өртеніп жатыр
Алматыдағы қара базар - барахолка тағы да өртеніп жатыр. Ақпарат көздерінің хабарына қарағанда, бұл жолы «Арал», «Құлагер» базарлары өртке оранған. Өртті сөндіруге 15 техника жұмылдырып, өрт шыққан аумақты полиция қоршауға алған.
Өрт шамамен түнгі сағат 3-тің шамасында шыққан. Таңға жуық базарға келген саудагерлердің біразы тауарларын тасып үлгерген. Ал, таңертең келген саудагерлерді полиция ішке жібермей жатқан көрінеді.
Бұған дейін яғни, қыркүйектің 13 күні Барахолкада өрт шығып, тілсіз жау 5400 шаршы метр аумақты шарпып, «Олжа», «Аян», «Керемет», «Алатау» базарлары отқа оранған еді.
Қаладағы ең ірі базардағы өрт әлеуметтік желілерде де сөз болып жатыр. Төменде журналист Айдос Жұқанұлы мен «Еларна» телеарнасының директоры Серік Абас-шахтың Фейсбук әлеуметтік желісінде Барахолкадағы өртке қатысты айтқан пікірлерін беріп отырмыз.

Айдос Жұқанұлы:
Барахолка тағы өртеніп жатыр. Осы жолы "Арал" мен "Құлагер". Сонда жұмыс істейтін жеңгеме телефон шалдым. "Бізді базарға кіргізбей қойды. ОМОН-дар қаптап тұр. Көлікті де, өзімізді де жолатар емес", - дейді.
90-шы жылдардың ортасы есіме түскені. Осылай қоқан-лоққымен тартып алушы еді. Қазір 2013-ші жыл. Масштаб үлкен. Полициямен қоршап алатын деңгейге жеттік. Мәдениетті түрде көшіруге Алматы әкімдігінің ақшасы да, пәрмені де жетпейді. "Рэкет" сөзі "күш-құрылым" сөзімен ауысып кетпесе болғаны.
Серік Абас-шах:
"Кім ойнап жатыр, отпенен?"
Алматыда екі базар қатарынан жанып жатыр дейді.
Бай-манаптар бұл өрттен көп нәрсе жоғалта қоймас, ал қарапайым адамдарға өте ауыр тиетіні анық.
Тілсіз жау қайдан шыға келді? Қалай шықты?
Кездейсоқтық па, жоқ, әлде...
Соңғысын ойлаудың өзі ыңғайсыз.
Ыңғайсыз дегеннен гөрі қорқынышты деген сөз дұрыс шығар?
Олай болуы мүмкін емес деп өзіңді сендіргің келеді.
Қандай тасжүрек болса да көктегі Құдайдан қаймығатын шығар?
Арты жақсылық болсын, әйтеуір!
Барахолканы көшіру мәселесі 2002 жылдан бері айтылып келеді. 2002 жылы Алматы қаласы аумағын кеңейту жоспарына сәйкес, базарлар заманауи сауда үйлеріне көшірілу тиіс еді. Алайда, 11 жылдан бері бұл мәселені қалалық әкімшілік екі тарапқа да тиімді жолмен шешудің амалын таба алмай келеді.
Қалалық әкімшілік Барахолкадағы кейбір базарлардың аумағы қызық сызықтан асып кеткен және базар аумағында көлік тұрағы, жаяу жүргіншілер жолы, қауіпсіздік шаралары сақталмаған дейді.
Ал, саудагерлер базар жаңа сауда үйіне көшкен жағдайда сауда орындарынан айырылып қаламыз деп қорқады. Әкімшілік болса, салынатын сауда үйлерінде бәріне орын беріледі деп уәде айтады.
Барахолкада он шақты базар бар. Онда негізінен Үкіметтің есебі бойынша, «өзін-өзі қамсыздандырып отыр» дейтін, шындығында жұмыссыз саналатын мыңдаған адам жұмыс істейді. Және бұл базарлар ел аумағындағы ірілі-уақты саудагерлерді арзан тауармен қамтамасыз етіп отырған сауда нүктесі.
Барахолкадағы екі өрттің де шығу себебін жұрт өзінше жорамалдап жатыр. Елдің сөзіне қарағанда, өрт базар тұрған жерді босату мақсатында қасақана жасалу да мүмкін. Бірақ, әкімшілік базар орналасқан жер мемлекеттен жалға алынып отырғандықтан, ендігі кезекте жалға алу мерзімін созбау туралы да шешім қабылдаған көрінеді.
Abai.kz
"31" телеарнасының журналисті Ирина Советжанқызының телефонға түсірген видеосы. Видео журналисттің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.