Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1017 4 пікір 23 Ақпан, 2024 сағат 16:32

Кафедра тарихына арналған стендттің ашылу салтанаты

Сурет ҚазҰУ сайтынан алынды

Заң саласында білікті маман даярлау жолында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  таптырмас оқу орны.

Заң факультеті- мықты оқытушылар құрамын жасақтап,еліміздің атын шығарып жүрген мамандарға сапалы білім беруде. Заң факультетінің дамуының барлық кезеңдерінде оның қызметі Қазақстанның қоғамдық өмірімен, еліміздің экономикасының қажеттілігімен, құқық саласындағы жоғары білікті ғылыми, тәжірибелі кадрлармен қанағаттандыруымен тығыз байланыста болғанын айта кеткен жөн. Заң ғылымы– құқықты әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым.Болашақ заңгерлерді дайындауда аянбай қызмет қызмет жасап жүрген кафедра қатарында қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы бар. Кафедра 1938 жылы Алматы Мемлекеттік заң институты құрылған сәттен бастап өз жұмысын атқаруда, ал 1955 жылдан бастап С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеттің заң факультетінің құрамына кірген болатын. 1974 жылы қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасынан криминалистика кафедрасы бөлінді. 1989 жылы қылмыстық құқық кафедрасы қылмыстық құқық және криминология кафедрасы болып өзгертілді. 2011 жылы 27 маусымда Қазақ ұлттық университеті ректорының № 223 бұйрығымен заң факультетінің үш кафедрасын біріктіру арқылы: қылмыстық құқық және криминология, сот билігі және қылмыстық процесс, криминалистика және сот сараптамалары, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы құрылды.Кафедраны түрлі кезеңдерде кафедра меңгерушілері басқарған болатын: Булатов С.Я. (1941-1965 жж.), Маркелов В.Н. (1965-1976 жж.), Поленов Г.Ф(1976-1991 жж.), Қайыржанов Е.И. (1991-1993 жж.), Баймурзин Г.И. (1993-1999 жж.), Ағыбаев А.Н. (1999-2008 жж.), 2008 жылдың кыркүйек айынан бастап – з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е. басшылық қызметте.  «90 жыл-90 іс-шара» мерейтой аясында кафедра тарихына арналған стендтің  ашылуы салтанатты түрде өтті.Стенд кафедра меңгерушісі з.ғ. д., профессор Джансараева Р.Е. тікелей басшылығымен ашылды.Салтанатты шараға з. ғ.д., доцент Берсугурова Л.Ш., з. ғ. к., доцент Тапалова Р.Б., сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және Заң факультетінің деканы з. ғ. д., профессор Байдельдинов Д. Л. қатысты. Кафедра тарихына арналған стенд тек естелік символы ғана емес, сонымен қатар кафедраның өткені, бүгіні және болашағы туралы құнды ақпарат көзі болып табылады.Шараға кафедра ұжымы түгелдей дерлік қатысып, кафедраның ары қарай дамуына өз үлестерін қосатынын жеткізді.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к.

Кудышев Сұлтан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының студенті.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570