Жексенбі, 24 Қараша 2024
909 1 пікір 26 Ақпан, 2024 сағат 14:47

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

Қазақстан ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті. Бұл туралы 26 ақпанда Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Экс-министрге "Қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "Аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

Салтанат Нүкенова қазасы бойынша ұсталған "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы делінген азаматқа "Қылмысты жасырып қалу" (432-бап) және "Қылмысты хабарламау" бабы (434-бап) бойынша айып тағылған. БАҚ-та оның есімі Бақытжан Байжанов деп берілген.

Өткен аптада Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары берген сұхбат желіде қызу талқыға түсті. Олар қамаудағы Бишімбаев "айыпты мойындамайтынын, экс-министр марқұм әйелі Салтанатты жоқтап жүргенін" айтты.

Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді желідегі парақшасына марқұм Салтанатты Бишімбаев ұрып, теуіп жатқан сәт көрінеді деген скриндерді жариялады. Амангелдінің жазуынша, медициналық сараптама марқұм Салтанат басынан 13 соққы алған деген қорытынды жасаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552