Жұма, 25 Қыркүйек 2026
2319 0 пікір 26 Ақпан, 2024 сағат 14:49

Лұқпан Ахмедияров Қаңтар туралы деректі фильм түсірді

Сурет: egemen.kz

Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияров әріптесі Рауль Упоровпен бірге Қанды Қаңтар туралы деректі фильм түсірді. Бұл жөнінде Ахмедияров Instagram парақшасында хабарлады. 

"Бұл фильмді екі жыл бойы, Қазақстанның 12 қаласында түсірдік. Полиция мен әскерилер адамдарға оқ атқан елді мекендердің барлығында болдық. Аяғында 4 сағаттық фильм шықты" деп жазды журналист.

Оның сөзінше, "Қаңтар" фильмі екі бөлімнен тұрады және ол жеке адамдардың ақшасына түсірілген.

Екі сағаттан астам уақытқа созылатын фильмнің алғашқы бөлігінде халық наразылығынан кейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның айналасындағы адамдар биліктен қалай шеттетілгені баяндалады. Екінші бөлігінде Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен халық және "жаңа президенттің билікке түбегейлі түрде жайғасуының" салдары жөнінде айтылады.

Фильм "Просто журналистика" YouTube-арнасында жарияланған.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1492
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3109
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1104
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1032