Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
1897 2 пікір 27 Ақпан, 2024 сағат 17:53

Астана көктемгі тасқынға дайын ба?

Фото: Аbctv.kz

Астана әкімі көктемдегі су тасқынына дайындық жоғары деп хабарлады.

– Бұрынғы жағдайлар өте қиын болды деп кесіп айтуға болмайды. Биыл өзіңіз көргендей, қардың мөлшері өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұл ресми дерек. Егер өткен жылы бүкіл қыста 4,5 миллион текше метр қар шығарылса (сәуірдің қарын қосқанда), биыл қазірдің өзінде бұл шектен асып кетті. Біз бұл қардың бір уақытта еритінін түсінеміз, екі аптадан кейін басталады. Қазір қарды барынша шығарып жатырмыз. Еріктілермен жеке секторға кіріп, кейбірінің ауласына дейін қарды шығаруға көмектеседі. Дайындық жоғары. Осы тұрғыда облыспен жұмыс істейміз, бірлескен оқу-жаттығулар өткіздік. Әлбетте, ауа-райын болжау мүмкін емес, - деді әкім.

Бұған дейін ТЖМ өңірлерде көктемгі су тасқыны қаупін растағаны хабарланған болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1496
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3111
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1104
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1033