Сенбі, 23 Қараша 2024
1095 6 пікір 4 Наурыз, 2024 сағат 19:29

Сейсмолог: Жер бұрын да сілкінген, сілкіне де береді

Сурет: gov.kz

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының жетекшісі Дәулет Сәрсенбаев сейсмикалық оқиғаларға қатысты болжам жасады.

– Біздегі комиссия мен оның беретін қорытындысы қуатты әрі жойқын зілзалаларға арналған. Ең алдымен, оны ескеру керек. Алматы қаласы, Алматы облысында жылына 600-ге дейін сейсмикалық оқиғаларды тіркейміз. Олардың ішінде сезілетіні – шамамен жылына 10-15 қана. Біздің комиссияның жасаған болжамы қате деп сөйлеудің өзі қате. Біз сейсмикалық жағынан қауіпті аймақта тұрамыз. Алматы ғана емес, Алматы облысы, Жетісу, Жамбыл облысы да, көршілес Қытай, Қырғызстан да сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймаққа жатады. Біздің аймақта жер сілкінген, сілкінді, сілкіне де береді. Сейсмикалық оқиғалар бола береді  – дейді ол.

Сарапшы өз баяндамасында орта мерзім деңгейінде жыл бойынша жер сілкінісінің жиі орын алуы ықтималдығын ескертті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347