Жұма, 2 Қазан 2026
2530 8 пікір 6 Наурыз, 2024 сағат 18:54

Садақаға жиналған қаржы қайда жұмсалады?

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пітір және підия садақалаларынан түскен қаражаттың қайда жұмсалатынын түсіндірді.

Діни басқарма жанында Қаржы ашықтығын қамтамасыз ететін тексеру комиссиясы жұмыс істейді.

"Шариғат бойынша зекет, пітір, підия садақалары жағдайы жоқ жандарға, жетім-жесірге, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға, ақшасы таусылып, жолда қалған мүсәпірлерге беріледі. Халқымызда бағзы заманнан садақаны мешітке беру үрдісі қалыптасқан. Бұл да – сенім. Мешітке берілген садақа шариғат қағидаларына сай қайырымдылыққа жұмсалады. Соның ішінде пітір садақа мешіт тізіміне тіркелген көмекке мұқтаж отбасыларға, жетімдерге, жалғыз­басты аналарға тапсырылады. ҚМДБ жанында Қаржы ашықтығын қамтамасыз ететін тексеру комиссиясы жұмыс істейді. Ол мешітке заттай немесе ақшалай түскен қаражаттың дұрыс мақсатта жұмсалуын қатаң қадағалайды. Халықтан түскен садақаға қиянат жасалуына жол бермейді", – деді бас мүфти. 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 344
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 366
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 500