Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Ақмылтық 1858 5 пікір 7 Наурыз, 2024 сағат 15:34

Президент бола алмаған Қажыкен партия құрып жатыр

Кеше Отандық БАҚ-та «Yntymaq» партиясы Қазақстанның Әділет министрлігіне тіркеуге құжаттарды сәтті тапсырды деген ақпарат тарады.

6 наурызда «Yntymaq» республикалық саяси партиясы Қазақстанның Әділет министрлігіне тіркеуге құжаттарын тапсырған.

«Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті 2024 жылғы 4 наурыздағы» Республикалық саяси партия «Yntymaq» «құру ниеті туралы сіздің хабарламаңызды қарап,» Саяси партиялар туралы «заңның 6-бабына сәйкес, қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсыну туралы растауды жолдайды», - делінген әділет министрлігінің хабарламасында.

Партия құрылтайшылары атап өткендей, Әділет министрлігі бірнеше рет жасалған әрекеттерден кейін құжаттарды қабылдаған.

Жаңа партияны құрудың бастамашыларының қатарында «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкен, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы бірқатар қоғам және саяси қайраткерлер мен сарапшылар бар.

Сурет Википедиядан алынды

Мейрам Қажыкен Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде 2022 жылы сайлауға қатысқан. Ол кезде Қажыкен электораттың 2,53 пайыз дауысын алып, үміткерлердің арасында 4-ші орынға табан тіреген.

Тақырыпқа тұздық: 2023 жылғы соңғы дерек бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген. Олар:

«Amanat» партиясы;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы;

Қазақстанның халықтық партиясы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;

Қазақстан «Байтақ» жасылдар партиясы;

«Respublica партиясы» қоғамдық бірлестігі.

Енді олардың қатары тағы бір партияға толықпақ. Ол – «Yntymaq» партиясы.  Қазақстанның Әділет министрлігіне тіркеуге қабылдаған құжаттарға сәйкес, шешім алдағы күндері шығарылады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050