Жұма, 18 Қыркүйек 2026
2388 0 пікір 7 Наурыз, 2024 сағат 16:43

БҰҰ: 2023 – мигранттар көп өлген ауыр жыл болды

Сурет: aa.com.tr

2023 жылы миграция жолдарында әлем бойынша кем дегенде 8565 адам қайтыс болған. Мұндай ауыр көрсеткіш соңғы рет он жыл бұрын тіркелген. Бұл туралы БҰҰ көші-қон жқніндегі халықаралық ұйымы сәрсенбі күні хабарлады.

Былтыр 2022 жылға қарағанда мигранттар 20 пайызға көп өлген.

Халықаралық ұйымның мәлімдемесінде «адам өлімін тоқтату үшін шұғыл түрде шара қолдану қажет» деп жазылған.

Жылда жүздеген мың адам қаупті жерлер арқылы заңсыз көшуге талпына. Қауіпсіз әрі тұрақты миграция жолдарына көпшіліктің жағдайы жетпейді.

Жерорта теңізі арқылы өтетін жолдар мигранттар үшін қауіптісі болып тұр. Мұнда былтыр кем дегенде 3129 адам өлген немесе із-түссіз жоғалған.

Халықаралық ұйым 2014 жылы «Жоғалған мигранттар» жобасын дайындады. Жоба өлген, жоғалған адамдар туралы мәліметтер базасын құруды қарастырады. Содан бері әлем бойынша 63 мыңнан астам адамның ісі хатталған.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2861
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 958
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893