Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Билік 1688 3 пікір 11 Наурыз, 2024 сағат 16:52

Бакуге сапар: Түркі дүниесін дамытуға арналған қадам...

Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Гейдар Әлиев атындағы әуежайда президент Тоқаевты Әзербайжан вице-премьері Ягуб Эюбов пен СІМ басшысының орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.

Ал Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан президенті Тоқаевты «Загульба» резиденциясында күтіп алды. Кейін Әзербайжан мен Қазақстан президенттерінің шектеулі құрамдағы кездесуі басталды.

Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастықтың жаңа дәуіріне қадам басты

«Қазіргі қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы өрлеуде. Біз ынтымақтастықтың жаңа дәуіріне қадам басты... Соңғы бір жарым жылда 40-қа жуық маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылды. 2020 жылдан бастап біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 5 есеге жуық өсті ($109-дан $529 млн-ға дейін)», - деп мәлімдеді Қазақстан президенті Тоқаев Әзербайжанға сапары қарсаңында.

Ол сондай-ақ, қазақстандық компаниялар «Қарабақты қайта жаңғырту үдерісіне» қатысуға мүдделі екенін атап өтті.

Әзербайжан мен Қазақстан мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Осыған дейін Астанада Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы өткен еді.

Отырыс алдында Әзербайжанның Энергетика министрі Шахбазов пен Қазақстанның Көлік министрі Қарабаевтың екіжақты кездесуі өтті. Онда мұнай-газ, сондай-ақ жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Қарабаев басты міндеті - екі елдің порт инфрақұрылымын дамыту болатын бірлескен инвестициялық қор құру туралы хабарлаған.

Сарапшылар Әзербайжанның маңызы артып келеді дейді. Әсіресе түркі әлемі, Қазақстан үшін. «Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық серіктестік қана емес, одақтас әрі бауырлас, көрші мемлекет. Қазақстан президентінің сұхбатында екі елдің экономикалық даму мүмкіндігіне қатысты көбірек пікір білдіреді», - дейді саясаттанушылар.

Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) болашақтағы әлеуетіне қатысты оң баға берген. Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты өңірдегі трансконтинентальдық сауда бағыты жылдам дамып келе жатқанын айтады. Яғни, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың бірегей географиялық орны аталған саланы дамытуға әбден қолайлы екеніне тоқталған. «Сондықтан Әзербайжан сияқты Қазақстан да елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту бойынша белсенді саясат жүргізеді. Шын мәнінде, бұл - біз үшін стратегиялық міндет.

«Әзербайжан-Қазақстан жайлы айтқанда, түбі бір түркі халықтарының басын қосатын Түркі мемлекеттері ұйымының келешегіне қатысты пікір айтпау мүмкін емес. Сондықтан сұхбатта ол да айтылыпты. Былтыр Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының мерейтойлық саммиті өткен еді. Онда «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат қабылданды. Бұл ұйым қазірдің өзінде халықаралық аренада танымал және беделді ойыншыға айналып үлгерді. Бұрын кеңес статусында еді, енді ұйым статусына көтерілді. Болашақта тіпті жоғары деңгейге жетсін деген тілек бар, талпыныс бар», - дейді сарпшы Асхат Қасенғали.

Қазақстан мен Әзербайжан түркі бағытындағы алты халықаралық ұйымның мүшесі. Яғни, бұл үндестік екі елдің түбі бір бауырлас түркі дүниесін дамытуға арналған қадамы мен жоспары бір бағытта екенін айқындайды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992