Шәкіртақы өседі
Магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Шәкіртақы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өссе, одан кейін 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы да ұлғаяды.
- 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендиялар келесі мәндерге ие болады:
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және щ"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;
- интерндер – 85 376 теңге;
- ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;
- "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;
- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;
- "Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;
- Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге.
- 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендиялар келесі мәндерге ие болады:
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 52 372 теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 84 000 теңге;
- интерндер – 94 863 теңге;
- ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 117 098 теңге;
- "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 218 750 теңге;
- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 262 500 теңге;
- "Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 134 664 теңге;
- Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 44 516 теңге.
Қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енуге жоспарлануда.
Abai.kz