Жаңа Қазақстан Алаш Орда платформасынан басталуы керек
Абай мырза деген бауырым ХХ ғасыр басындағы қазақ публицистикасының материалдарын көп жариялайды.
Бүгін де бір постын қарап шықтым. Тұрар Рысқұловтың кітабы, Алаш Орданы сынау, ХХ ғасыр басындағы саяси ахуалға қатысты. Абай мырзаның посттарына қашанда риза болып отыратын себебім біреу, мені ХХ ғасырдың алғашқы ширегі қазақ қоғамының ішкі құрылымдық және дүниетанымдық өзгерістері қатты қызықтырады. Қазақ этносы жаңа сапаға ие болып, еңбекқор, ізденімпаз, оқуға- ғылымға құмар халық қалыптасып келе жатыр еді. Бұл прогресивті қоғалыс, жаңғыру 1928 жылы аяқталды, жаппай террор басталды. Біздің әкей бұл жылды "Үкімет орнаған жыл" деп атайтын, иә тоталитаризмнің жеңгенін айтқаны. Смахан төре оны "Қазақ басына бұршақ емес, тас жауды" деді.
Жаңа Қазақстанды Алаш Орда платформасынан бастау керек, басқа жол жоқ. Габриел Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" деген кітабы бар еді, біздің ХХ ғасырдың 20- шы жылдарының соңынан басталып ХХІ ғасырдың 20- шы жылдарына дейін созылып келе жатқан большевиктік-комсомолдық тарихымызды "Жүз жылдық адасу" деуге болады екен. Егер мүмкіндік болып жатса, денсаулық көтерсе осы тақырыппен мықты бір кітап жазса да болады екен деп қойдым.
Жамбыл Артықбаевтың желідегі жазбасы
Abai.kz