Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4172 0 пікір 22 Қараша, 2013 сағат 04:45

Жаға ұстатар жат қылық…

Алып шаһар Алматы құпияға толы қала.
Журналистік зерттеуім «көгілдірлер» жүретін клубтан басталды. Көрер көзге ерсі, анайы қылық жасайтын «жігіттерді» көру үшін олардың мекені саналатын түнгі клубқа кірдім.
Есік алдындағы бақылаушы сол қолымызға мөр басып «төрге шығыңыз» дегендей ишарат білдірді. Мақсатым да сол төрден орын алып, «кейіпкерімді» көру еді. Ішке ене бере қараңғы залға тап болдым. Мұндағылардың бәрі қалыпты киім киген, шаш қоюлары да кәдімгі ер адамға тән, былайғы күнделікті өмірде басқаша айта алмайсыз. Әрбірі ару қыздар ғашық боларлықтай-ақ сәнді киінген. Бірақ бекер. Себебі олар қыздарға қарамайды. Жігіттердің өмірлік сыңарлары «жігіттер» екен. Сөзге тартсам «Қыздарды сүйе алмаймыз, жаратылысымыз сондай, тек жігіттермен ғана «ләззат балын татып, құмарымызды қандырамыз» дейді олар.


Алып шаһар Алматы құпияға толы қала.
Журналистік зерттеуім «көгілдірлер» жүретін клубтан басталды. Көрер көзге ерсі, анайы қылық жасайтын «жігіттерді» көру үшін олардың мекені саналатын түнгі клубқа кірдім.
Есік алдындағы бақылаушы сол қолымызға мөр басып «төрге шығыңыз» дегендей ишарат білдірді. Мақсатым да сол төрден орын алып, «кейіпкерімді» көру еді. Ішке ене бере қараңғы залға тап болдым. Мұндағылардың бәрі қалыпты киім киген, шаш қоюлары да кәдімгі ер адамға тән, былайғы күнделікті өмірде басқаша айта алмайсыз. Әрбірі ару қыздар ғашық боларлықтай-ақ сәнді киінген. Бірақ бекер. Себебі олар қыздарға қарамайды. Жігіттердің өмірлік сыңарлары «жігіттер» екен. Сөзге тартсам «Қыздарды сүйе алмаймыз, жаратылысымыз сондай, тек жігіттермен ғана «ләззат балын татып, құмарымызды қандырамыз» дейді олар.

Гей термині өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап қолданыла бастаған. Ал содан жарты ғасыр уақыт қана бұрын «гей» деген сөз ағылшындарда «көңілді, мұңсыз, қамсыз» деген ұғымды білдіріпті. Кейін бұл сөздің сексуалды бағытқа қарай қалай ауып кеткені әлі түсініксіз. Орыс сексологы Игорь Кон XII-XIV ғасырларда оның «провансаль наречиесіндегі» мағынасы тек «поэзия мен махаббаттың» «куртизиандығын» білдіргенін жазады. XVII ғасырдағы Англияда «gay» сөзі алдымен жеңіл жүрісті деген ұғым берсе, кейін келе жезөкшелікті насихаттаған сөз болған сыңайлы. Гомосексуализмді тұспалдаған «gay» термині Англия мен АҚШ-та 1920-1930 жылдары жарық көрген бірнеше прозалық және кино туындыда көрініс беріпті. Батыс­тан келген індет соңғы 15-20 жылда Қазақстанды да шарпыса керек. Әсіресе, Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Өскемен қалаларында гейлер көп деп естиміз. 2009 жылғы дерек бойынша, олардың саны әжептәуір көрінеді. Бұл, әрине, теріс пиғылдылардың таратқан өсегі секілді. Клубта кезіктірген «қос ғашықпен» әңгімелестім. Өздерін Еркін және Жандос деп таныстырған жігіттер «екеуміздің бір-бірімізге ғашық болып, бірге өмір сүріп жатқанымызға 4 жыл болды. Бір-бірімізді өте қатты сүйеміз, кейде қызғанып қалатын да кездеріміз жиі болады» дейді.
Бәлки бұлар маған әдейі жалған айтып тұруы да мүмкін.
«Әке-шешем үйлен деп құлақ етімді жегеннен кейін сәуір айында үйленіп кетуге аз қалдым» дейді 22 жасар Еркін есімді «жігіт». Ал Еркіннің «парасымын» деп өзін таныстырған Жандос: «арамызда он екі жас алшақтық бар. Әйелімді жібергенмін, екі баланың әкесімін» деді. «Алғаш үйленіп бала-шағалы болсақ та, жыныстық ауытқушылықпен туылғанбыз, қыздарға қарауға құлқымыз, қызығушылығым жоқ» деп ақталатын жігіттердің сөзі бұл. Өздерінде әрбір іске жауаптары дайын, «Егер ата-анам «үйлен» деп әлек салар болса, жай бір қызды апарып таныстырып кетсем болғаны. Егер тіпті күштеп жатса, шамалы уақыттан кейін үйдегі ахуал үшін үйленіп, өз өмірімді жасырын жалғастыра беремін» деп сөзін аяқтады.
Екінші жұп Нұржан мен Руслан. «Бірге болғанымызға алты ай уақыт болды. Сыңарымды осы клубтан тапқанмын. Ол қазір үйде ауырып жатыр» деп сол мезетте өзінің жартысына қоңырау шалып, «Не істеп жатырсың? Кіммен сөйлесіп жатырсың?» деп әйелін тергеген күйеудің рөліне ене түсті. Енді біреуі: «Осындай жерлерде өзімізді емін-еркін сезінеміз. Бәрі «в теме» болғандықтан, бізді жазғырған адам болмайды. Кейде «натуралдар» жүреді. Сол кезде жаман. Меніңше, оларды біздер сияқтылар жүретін жерден аластату керек. «Мысалы, «69»-да гейлер мен лезбилерді кіргізгенде, тексеріп кіргізеді» деді. Осындай әсерлі әңгімеміздің арты клуб ұйымдастыратын шоуға ауысты. Сахнада қыз келбетіндегі еркектер (транстар) өнер көрсете бастады. Тек ішкі киімімен ғана шыққан «транс» рөлге еніп кеткені соншалық, жалаңаш күйінде бұраңдап биін аяқтап қошеметке ие болды. Шоу­да насихатталған дүниелер «Еркек пен еркек», «әйел мен әйел» төсекте қалай болу керек?» деген сұраққа жауап сияқты болды.
Ойлары мен көздері тек бір ғана нәрсені қалап тұрған әлгілердің ойы тек нәпсі, ләззат алу. Қайран кеселді дертке шалдыққан, бейшаралар-ай! …

Серік Бейсенбаев,
әлеуметтанушы:
Барлығымызға белгілі біз ашық қоғам құру жолындағы мемлекетпіз. Соған байланысты «көгілдірлердің», яғни гомосексуалды бағыттағы адамдардың ұшырасуы заңды құбылыс. Біздің қоғамда басқа мемлекеттер мен мәдениеттердің араласуы және соларға еліктеудің нәтижесінде осындай топтар пайда болды. Олардың саны жөнінде арнайы статистиканы кездестірген жоқпын. Бірақ гей клубтар бар деп естимін. Біз одан ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Олардың көзін жою үшін шекарамызды жауып, қарсы заң қабылдап немесе тікелей қылмыстық кодекстерге өзгерістер енгізу сияқты шараларға баруымыз керек. Алайда Қазақстан Республикасы зайырлы құқықтық мемлекет болғандықтан, бұл шараға бара алмаймыз. Мәселе оларға репрессиялық шараларды пайдалану емес. Бұл жерде өркениетті түрде шаралар қолдану. Мысалы, Ресейде өткен жылы гейге байланысты заң қабылданды. Бұқаралық ақпарат құралдарында гейді насихаттауға қарсы заң күшіне енді. Егер бізде сондай әрекет жасалынса, азғындыққа тыйым болатын еді. Бірақ әзірше бұл мәселе ушыққан жоқ. Гейлер шеруін өткіземіз деп ешкім ұсыныс беріп жатқан жоқ Ресейдегідей. Олардың саны салыс­тырмалы түрде азырақ. Бұл әзірше уақытша нәрсе. Гейлер басқа мәдениеттің, басқа субкультураның өкілі болғандықтан, оларға қарсы жұртшылықта төзімсіздік күшейіп келеді. Олардың көбейіп кетпеуіне байланысты белгілі бір іс-шаралар мейлінше өркениетті түрде жасалынуы керек. Уақыт өтіп, кеш қалмау үшін қазірден бастап тиімді шара қолға алынғаны абзал.

Бақыт Жігітбекова,
психолог:
Қазіргі қоғамда көп жағдайда табыстың көзін әйелдер табатын болғандықтан, кейбір отбасында әйелдің ықпалы басым болады. Бұл бала тәрбиесіне тікелей әсер етуі мүмкін. Қазақ халқының ұлттық үрдісі бойынша ер адамды құрмет тұтқан. Бүгінгі таңда ер адамдардың беделі қоғамда күннен-күнге түсіп бара жатыр. Қазіргі қоғамда көп жағдайда ер адамның киімі, әйел адамның киімі деген жоқ. Әйелдерге ұқсап киіну де, ер адамдардың психикасына әсер етуі мүмкін. Содан соң мамандықтардың көбі ер адамдардың қара күшін талап етпейді. Сондықтан қызмет орны да ер адамдарды әйел мінезді болуға тәрбиелейді. Адамның қандай болуы, оның бес жасқа дейінгі берілген тәрбиесіне байланысты. Мысалы, қазіргі кезде ажырасқан адамдар өте көп. Жалғыз басты аналар балаларына дұрыс тәрбие беруі үшін оларды әскери мектепке түсіріп, көптеген спорт үйірмелеріне береді. Олар әкесі болмағандықтан, нағыз еркек болып өссін деген мақсатта осындай жағдайға барады. Екінші жағдайда жалғызбасты әйелдер ғана емес, жалпы анасының айнаға қарап таранып, боянғанын көрген бала оны қайталауы мүмкін. Бүкіл тәрбиені анасынан көріп өскен бала бес жастың өзінде «қыз мінездің» бірінші белгілерін қабылдайды деген сөз. Жалғызбасты аналар ұл баланы тәрбиелеген уақытта балаға еркек­тің тәрбиесі керек екенін түсінуі қажет. Бес жасқа дейінгі балаларда идентификация деген болады. Ол дегеніміз теңестіру деген ұғым. Мысалы, қыз бала өзінің анасына қарап, өзін онымен теңестіре бастайды. Ал ер балалар әкесіне қарап өзін онымен теңестіре бастайды. Егер бала әкесіз өссе, анасына еліктеуі өте қауіпті.
Гейлерді азайтудың амалы ер адамның беделін көтеру болып табылады. Көп жағдайда әйел адамдарды емес, ер адамдардың беделін көтеруге мән берген жөн. Ер адамдар мұғалім, тәрбиеші деген мамандықты аз таңдайды, сондықтан осындай мамандықтарға ер адамдар көптеп баруы жөнінде шаралар болуы тиіс.

Ирина Волкова,
сексолог-психотерапевт:
Жыныстық ауытқушылық гейлерде туылған кезінен, я болмаса жүре пайда болуы да мүмкін. Бірақ осы күнге дейін жыныстық ауытқушылықтың пайда болуы жөнінде ғылым бір шешімге келген жоқ. Жалпы, кейбір адамдарда бұл жағдай туылғаннан бастау алады. Балабақшадан бастап мұндай белгі байқала бастайды. Ал кейбір адамдарда өскен кезде біліне бастайды. Бір жыныстағы адамдармен ғұмыр кешуге түрлі жағдай әсер етуі мүмкін. Бұл ауру емес – психо-физиологиялық жағдай деп түсіндіруге болады.
"Ана тілі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343