Абайлаңыздар! Су басу қаупі бар
Қалың қардың әлі де тоқтаусыз жаууына байланысты көп аймақтарда су басу қаупі жоғары. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК өкілі баяндап, наурыздың соңына дейін өңірлерде қар қарқынды түрде еритінін ескертті.
Серік Саиров брифингте елімізде қар жамылғысының ауданы 72 пайыздан 66 пайызға дейін азайғанын айтты.
Болжам бойынша 16-19 наурыз аралығында ауа райы жауын-шашынсыз болып, температура жоғарылайды.
Ай соңында Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын, екпінді жел күтіледі.
"Қазгидромет" мамандарының бағалауы бойынша наурыздың соңына қарай ауа температурасының фоны көтеріліп, бұл қардың қарқынды еруіне және су басу қаупіне әкеледі.
Сондай-ақ Ресейге шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салаларына, Тобылдың алаптарына ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстанда жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты", – деді Саиров.
Оның айтуынша, гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекетте жүргізіледі.
Abai.kz