Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2532 1 пікір 15 Наурыз, 2024 сағат 18:53

Қыз алып қашқандарға жаза күшейе ме?

Сурет: aikyn.kz

Қазақта тамырын тереңінен алатын дәстүрлер көп. Әрбір салт-дәстүрдің өз заманына сай мән-мағынасы бар. Олардың ұрпақтан-ұрпаққа қалып бізге жеткенінен бөлек, жетпегені қаншама. Солардың бірі – қыз алып қашу.

Бүгінгі өтіп жатқан құрылтайда Президент қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндерді қолдамайтынын білдірді.

«Елімізде қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс.
«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек», – дейді Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2922
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 931