Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5419 0 пікір 26 Қараша, 2013 сағат 07:32

М.Әуезов театрында жаңа премьера: «Қас-қағым»

26 қараша Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиевтің «Қас-қағым» метафизикалық трагедиясының премьерасы болады. Қоюшы-режиссері - Елік Нұрсұлтан.

Спектакльдің қысқаша мазмұны: «Бойжеткен Жазира беймәлім дертке ұшыраған. Осылай деп білетін, сондықтан да «жалғызы жолында жан пида», бірақ, өз өмірінің мағынасы – мансабын да бір сәт естен шығармайтын әкенің қимыл-қарекеті және оның «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» ортасының «құндылықтары» - қойылымның бірінші қабаты.
Бойжеткен Жазира ешқандай да дертке ұшырамаған. Сондықтан да «денім сау, мен тек махаббатқа сенуім керек, сонда ғана барлығынан құлан-таза айығамын» деп психиатр Сәбитке ағынан жарылатын оның бірте-бірте өзгеретін психологиялық-рухани ахуалы қойылымның келесі қабаты. Спектакльдегі оқиғалар шым-шытырығы бірде ап-айқын болса, енді бірде ирреалдылық кеңістігіне шығады.
Метафизикалық трагедия махаббатсыз, имансыз, сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделетуге бастайды.»

Спектакль туралы қойылым режиссері және актерлердің пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік:

Елік Нұрсұлтан,
Қоюшы-режиссер

Театрдың көркемдік тілімен бүгінгі қоғамды қатар ала отырып қойылған қойылым. Режиссер ретінде негізгі мақсатым осы спектакль арқылы ауру қоғамның өзінде махаббаттың бар екендігін көрсету. Себебі қазіргі қоғамда махаббат жоғалып бара жатыр. Бүгінгі нарықтық заманда тіршілігін күйттеп жүрген адамдардың арасындағы жылылық азайып барады. Сол махаббатқа зәру, ауру қоғамның көрінісін көрсеткім келді.
Дайындық барасында аздаған қиындықтар болды. Себебі басқа формада жұмыс істеу актерлерден де көптеген ізденісті талап етеді. Өзімде көп іздендім. Шет елдерден көрген-түйгендерімді, ғаламтордан іздеген дүниелерімді, кітаптан алған білімімді қорыта отырып дүниеге келген туынды.
Спектакль көтерген мәселе адамзатқа ортақ проблема.
Азамат Сатыбалды,
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты
Пьесаны оқыған кезде пьесаға іштей ғашық болдым. Бір айда шыққан ролім, себебі мен спектакльге кейін қосылдым. Мен келген кезімде спектакльдің көптеген дүниелері жасалынып қойылған, маған қиындау болды. Дегенмен рольге деген махаббатымның арқасында өзіме берілген рольді жасап шықтым деп ойлаймын.
Осы ролім өзге рольдеріме ұқсамаса екен деп көп іздендім. Себебі маған көптеген сын айтылып жатады.
Елік Нұрсұлтанмен «Ұлы мен Ұрыдан» кейінгі жасап отырған екінші жұмысым. Жақсы режиссер, өзіндік позициясы бар. Актерлермен жақсы жұмыс жасай алады. Партнер ретінде Зарина Карменовамен бірінші рет рольге түсіп тұрмын. Зарина жаста болса талантты актриса.
«Қас-қағым» спектаклі гауһартас сияқты қашалған сайын нәр беретін, өң беретін әдемі дүние болады деп сенемін.
Зарина Карменова,
актриса
Спектакль негізінен көптеген өзгеріске түсті. Себебі біз пьесаның көптеген жерін өзгертіп, алатынын алып, қосатынын қостық.
Театрымыздың белді актерлерімен бір сахнада парнер болып ойнау көп ізденісті талап етеді. Рольді шығару үшін көп іздендім. Себебі маған рольмен жұмыс істеу оңайға түспеді. Жүз пайыз болмаса да Спектакль барысында болып жатқан оқиғалар менің де өмірімде ұқсастық тауып жатты. Партнерім Азамат аға Сатыбалдыға өмірде де ғашық бола бастадым, себебі сахнада махаббатты ойнамай, оны сезіну керек. Сонда роль шынайы, еш жасандылықсыз шығады. Мен осындай актерлік тандем пайда болғанына қуаныштымын.
Аталмыш спектакльмен халықаралық деңгейдегі фестивальдерге ұялмай қатысуға болады деп ойлаймын.

Премьера 26 қараша, 13, 25, 28 желтоқсан 2013ж.
Материалды дайындаған: Салтанат ӘБІЛҒАЗИЕВА
Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5291