Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 622 0 пікір 15 Наурыз, 2024 сағат 16:11

Игі істер марафоны: Елорда тұрғындарына азық-түлік себеттері таратылды

Сурет Астана әкімдігі сайтынан алынды

Қасиетті Рамазан айы мен Наурыз мерекесіне орай елордада көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттері таратылды. Акция «Игі істер марафоны» аясында өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны елорда әкімдігі Qazaq oil компаниясымен және «Астана жастары» еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырды.

«2023 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында Астанада мұқтаж азаматтарға 4000-нан астам азық-түлік жиынтығы таратылды. Бұл жолы 1000-нан астам азық-түлік жиынтығы аз қамтылған отбасылар, көп балалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және толық емес отбасылар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарына таратылады. Қораптың салмағы 45 келі және барлық жүктің салмағы 45 тоннадан асады. Азық-түлік қоржынында ұн, қант, қарақұмық, күріш, макарон, балаларға арналған тәттілер сияқты қажетті тауарлар бар», - деді Астана әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

Елордада азық-түлік себеттері жыл сайын таратылады. «Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383